спорт

Португалия құрамасы Өзбекстан құрамасын 5:0 есебімен жеңді

Өзбекстан құрамасы 2026 жылғы әлем чемпионатының топтық кезеңіндегі екінші матчында Португалиядан ірі есеппен жеңілді. Есеп – 0:5.

Фото: ашық дереккөзден

Кездесудің басты ойыншысы Криштиану Роналду болды. Португалиялық шабуылшы дубль авторы атанса, Нуну Мендеш пен Рафаэл Леау бір-бір голдан соқты.

Сондай-ақ өзбекстандық футболшылар бір мәрте өз қақпасына гол жіберді. Екі турдан кейін Фабио Каннаваро жаттықтыратын Өзбекстан құрамасының еншісінде ұпай болмады.

Соңғы кещеңде өзбектер Конго Демократиялық Республикасына қарсы ойнайды. 

Сайт Әкімшілігі