Live

Шымкентте Ұлттық ұлан сарбазы көз жұмды

Ұлттық ұланның баспасөз қызметі хабарлағандай, сарбаз әскерге келген алғашқы күндерінен бастап бірнеше рет дәрігерге қаралған.

Фото: из открытых источников

Ол бақылауда болған және Шымкент қаласының медициналық мекемелерінде тексеруден өткен.

6 қаңтарда сарбаздың жүрегі кенеттен тоқтап қалды. 

«Жүргізілген реанимациялық шараларға қарамастан, ол қалалық ауруханада көз жұмды», - делінген ресми хабарламада.

Алдын ала диагноз – «жедел лейкоз». Оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалып, жағдай Ұлттық ұлан бас қолбасшысының жеке бақылауына алынды.

Сайт Әкімшілігі
Тегтер: сарбаз өлімі