Live

Талдықорғанда 17 жыл бойы іздеуде болған есірткі саудагері ұсталды

Талдықорғанда құқық қорғау органдары 17 жыл бойы іздеуде жүрген ер адамды қолға түсірді. Ол ауыр есірткі қылмысына қатысы бар деген күдікпен іздестірілген.

Фото: ашық дереккөз

Полицияның мәліметінше, ер адам 2008 жылы есірткі заттарын заңсыз өндіру және сату ісі бойынша тергеуден бой тасалаған. Содан бері ол жеке басын өзгертіп, жалған құжаттармен өзге өңірлерде жасырынып келген.

Жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде күдікті Талдықорған қаласында анықталып, қамауға алынды. Қазір ол уақытша ұстау изоляторында, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Полиция өкілдері бұл көпжылдық іздеу жұмыстарының нәтижесі екенін атап өтті. Тергеу барысында оның басқа есірткі қылмыстарына қатысы бар-жоғы да тексеріліп жатыр.

Т. РАУШАНҰЛЫ
Тегтер: Есірткі