Ташкентте ауруханаға түскен қазақстандық жасөспірімдердің барлығы елге оралды
Ташкентте ауруханаға түскен қазақстандық жасөспірімдердің барлығы елге оралды
Бұл туралы Қазақстанның Өзбекстандағы елшілігі хабарлады. Жас спортшылардың ата-аналары балаларға көмек көрсетіп, қолдау білдіргені үшін елшілік қызметкерлері мен дәрігерлерге алғыс айтқан.
Еске салайық, бұған дейін Ташкентте қазақстандық жас футболшылардың улану дерегі тіркелген болатын. Осы оқиғаға байланысты Өзбекстан Бас прокуратурасы қылмыстық іс қозғады.