спорт

Тоқаев Елена Рыбакинаны III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Қасым-Жомарт Тоқаев Елена Рыбакинаны US Open турниріндегі жеңісімен және әлемдік рейтингте бірінші орынға шығуымен құттықтады.

Фото Ақорда

Президент бұл жетістікті Қазақстан спорты үшін тарихи оқиға деп атады. Тоқаев Рыбакинаның жеңістері балалардың тенниске қызығушылығын арттырып жатқанын атап өтті. Оның айтуынша, Рыбакинаның әр турнирінен кейін қазақстандық жасөспірімдер теннис секцияларына жазылып, чемпион болуды армандайтындар саны артып келеді.

"Үлкен турнирлердегі үш жеңісіңіз теннис тарихында мәңгі қалады. Осы жетістіктермен тоқтап қалмай, жеңісті жолыңызды жалғастыра бересіз деп ойлаймын", – деді Президент.
Сайт Әкімшілігі