Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Бүгін, 15:58

Латвия ресейлік насихатты тарататын тағы 10 сайтты бұғаттады

Латвия
Фото: БАҚ

Латвияда ресейлік насихат жүргізетін 10 сайтқа кіру бұғатталды. 

Осылайша, 2022 жылдан бері ел аумағында қолжетімсіз болған мұндай сайттардың жалпы саны 400-ден асты. Ал биылдың өзінде ғана 88 интернет-ресурсқа шектеу қойылған. Бұл туралы 4 тамызда Latvijas Radio радиостанциясы хабарлады.

Электронды БАҚ жөніндегі Ұлттық кеңес (NEPLP) бұл сайттардың мазмұны елдің ұлттық қауіпсіздігіне қайшы келетінін мәлімдеді. Себебі аталған ресурстар Ресейдің Украинаға қарсы соғысын ақтап, өзге елдердің территориясын басып алуды дәріптейді. Осылайша, олар Ресей билігіне ақпараттық қолдау көрсетіп отыр.

NEPLP мүшесі Иева Калдерауска радиостанцияға берген сұхбатында Латвияның ресейлік насихатпен күресті 2022 жылдан бері жүргізіп келе жатқанын еске салды. Оның айтуынша, бұғатталған сайттарда түрлі контент бар:

«Көбінесе бұл мақалалар – болып жатқан оқиғаларды түсіндіретін секілді көрінгенімен, шын мәнінде соғысты ақтайды. Сондай-ақ, кейбір сайттарда әскерге жалдануға және Украинаға соғысқа баруға шақыратын үндеулер де кездеседі», - деді Калдерауска.

NEPLP шешім қабылдағанға дейін құқық қорғау органдарымен кеңес өткізеді. Кеңестің бағалауынша, егер бұл сайттар бұғатталмаса, оларды ай сайын 40-68 мың адам көріп отырар еді. Қазірдің өзінде бұл ресурстарға кіруге ай сайын жарты миллионға жуық әрекет тіркеледі.

Еске сала кетейік, Латвия билігі Ресейдің Украинадағы әрекеттерін «басқыншылық соғыс» деп таныған және өз аумағында ресейлік пропагандаға жол бермей, заңнамалық және техникалық тетіктер арқылы тосқауыл қойып отыр.

Тегтер: