Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Бүгін, 18:00

Ұлыбритания соты Қытай және Ресей азаматтарын жұмысқа қабылдамауды заңды деп тапты

Ұлыбритания
Фото: ашық дереккөз

Ұлыбритания соты ұлттық қауіпсіздік мәселелеріне байланысты Қытай мен Ресейден келген азаматтарды жұмысқа қабылдаудан бас тартуды заңды деп таныды. 

The Times басылымының хабарлауынша, британдық еңбек даулары жөніндегі трибуналдың судьясы Ричард Бэйтидің шешімімен Ұлыбритания соты кейбір елдердің азаматтарын, соның ішінде Ресей мен Қытай азаматтарын, шпиондықпен айналысуы мүмкін деген күдікке байланысты жұмысқа қабылдаудан бас тартуды заңды деп таныды.

Соттың шешімінде егер жұмыс қорғаныс немесе қауіпсіздік саласына қатысты болса, мұндай әрекет кемсітушілікке жатпайтыны атап көрсетілген. Осыған ұқсас шектеулер Иран мен Солтүстік Корея азаматтарына да қолданылуы мүмкін.

Бұл мәселе Қытай азаматы Сюй Тяньлиньнің ісіне байланысты қаралды. Ол Лондонда орналасқан Binary AI компаниясына жұмысқа тұруға өтініш берген. Аталған компания Батыс елдері қолданатын бағдарламалардағы қауіпсіздік осалдықтарын анықтаумен айналысады.

Алайда сот процесі барысында белгілі болғандай, Ұлыбритания Қорғаныс министрлігі бұл азаматты жұмысқа қабылдамау жөнінде компанияға «кеңес» берген. Судьяның айтуынша, ұлттық мүддені қорғау шетел азаматтарын жұмысқа қабылдаудан бас тарту құқығын ақтайды. Осылайша, сот шешімі Ұлыбритания үкіметіне ұлттық қауіпсіздік мақсатында жұмысқа қабылдауда елдерге байланысты шектеулер енгізуге мүмкіндік береді.

- Сот Ресей мен Қытай азаматтарын ұлттық қауіпсіздікке байланысты маңызды салаларға жұмысқа қабылдаудан бас тартуды нәсілшілдік емес деп шешті. Ұлыбритания үшін қауіп төндіруі мүмкін елдерден шыққан азаматтарға қорғаныс саласындағы кейбір лауазымдарды атқаруға тыйым салу — тыңшылық қаупіне байланысты, сондықтан мұндай шектеу кемсітушілік болып саналмайды, - делінген жарияланған ақпаратта.

Ресей билігі кибершабуылдар мен хакерлік әрекеттерге қатысы барын бірнеше рет жоққа шығарды. Сонымен қатар хакерлермен күресте ынтымақтасуға және киберқауіпсіздік мәселелері бойынша диалог жүргізуге дайын екенін білдіріп келеді. Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков Ресейге хакерлік әрекеттер бойынша тағылатын айыптауларды «әлем бойынша сүйікті хобби» деп атаған. Кремль өкілдері Батыс елдерінде кез келген жағдайға Ресейді кінәлау үрдіске айналғанын бірнеше мәрте ескерткен.

Тегтер: