Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Бүгін, 16:20

Ыстамбұлдағы келіссөзге Путин қатыспайды

Путин
Фото: ашық дереккөз

2025 жылдың 15 мамырына жоспарланған Ресей мен Украина арасындағы келіссөздерге бүкіл әлем көз тіккен.

Бұл жолғы басты интрига – Ресей президенті Владимир Путиннің келіссөзге қатысу-қатыспауы. Тікелей келіссөздер бейсенбі күні, яғни 15 мамырда Ыстамбұлда өтеді.

Бірқатар Telegram-арналарында Ресей президенті Владимир Путиннің Түркияға бармайтыны туралы ақпарат тарады. Ал Украина президенті Владимир Зеленский «Коммерсант» басылымының жазуынша, Владимир Путиннен өзге ешкіммен келіссөз жүргізудің мәні жоқ екенін айтқан.

2022 жылы тоқтатылған Ресей мен Украина арасындағы тікелей келіссөздер Владимир Путиннің бастамасымен қайта жанданады.

Ресей президенті келіссөздерді алдын ала шарттарсыз жалғастыруды ұсынып, тараптар атысты тоқтату туралы келісімге келуі мүмкін екенін жоққа шығармады.

Украина мен Ресей арасындағы келіссөзге Путиннің орнына Лавров пен Ушаков келеді. The Washington Post басылымы мәлім еткендей, Владимир Путиннің Стамбулдағы келіссөзге келуі жоспарланбаған. Ресей тарапынан келіссөзге президенттің көмекшісі Юрий Ушаков қатысады. Сонымен қатар оған Сыртқы істер министрі Сергей Лавров қосылуы мүмкін, алайда бұл әзірге нақты шешілмеген.