Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
09:40, 11 Тамыз 2025

Перизат Қайрат сот шешіміне апелляциялық шағым түсірді

Қайрат
Фото: zhasalash.kz

Перизат Қайраттың апелляциялық сотқа шағым бергенін оның адвокаты Асланбек Давлетьяров растады. 

Алайда қорғаушы бұл жөнінде қосымша мәлімет беруден бас тартты.

Бұған дейін Перизат Қайрат өзіне тағылған айыптарды мойындамайтынын мәлімдеген.

Тергеу мәліметінше, ол 2024 жылғы 14 қарашада су тасқынынан зардап шеккендерге арналған 1,5 млрд теңгені жымқырған. Сонымен қатар Палестинаға жиналған қаражаттан тағы 200 млн теңге қолды қылған. Кейін Қазақстандағы су тасқыны кезінде халық пен мүгедек балаларға көмек көрсету мақсатында жиналған қаржыны да иемденген. Жалпы шығын көлемі 3,5 млрд теңгеге жуықтаған.

Сот үкімі бойынша Перизат Қайраттың мүлкі тәркіленіп, ол 10 жылға бас бостандығынан айырылды. Оның ісіндегі тағы бір фигурант — Ғайни Алашбаева 7 жылға сотталды.