11:30, 02 Желтоқсан 2023
Танымал актер Асқар Наймантаев дүниеден озды
Танымал актер, қазақ эстрадасында көпшілікке танымал Асқар Наймантаев дүниеден өтті, деп хабарлайды zhasalash.kz.
Асқар Әбдіғалымұлы Наймантаев - 1965 жылы 17 маусымда Алматы облысы, Нарынқол ауылында, өнерлі отбасында дүниеге келген.
Ол «Домашние войны», «Бастық боламын», «ОрыStar в Шымкентте», «Детектив әже», «Туысқандар», «Бұйымтай», «Өсекшілер», «Внуки в ауле» комедиялық сериалдарында, Сатыбалды Нарымбетовтың «Аманат», Бақытас Санитастың «Тезек» фильмдерінде ойнады.
Сонымен қатар қазақ эстрадасының сахнасында Асқар Наймантаев «Тамаша» ойын-сауық отауы арқылы көпшілікке танымал болды.
Айта кетейік, осыдан 1 апта бұрын актер Instagram парақшасында ауруханадағы суретін жариялаған болатын.