1 млрд теңге жұмсалатын Семей саябағында әлі құлып тұр
Биылғы сәуір айынанбастап Семей қалалық әкімдігі орталық саябақты күрделі жөндеуден өткізіп әріадам танымастай етіп өзгертіп жіберетініне қапысыз сендіріп, қос қақпасын тарсжапқан болатын.
Тіпті, қала әкімі Ермак СӘЛІМОВ шілде айы туғанда семейліктержаңарған саябаққа келіп, серуендейтінін де өз аузымен айтқан болатын. Сол кездесаябақ ішінде қызмет көрсетіп отырған жеке кәсіпкерлердің тарапынантүсініспеушілік туындап, біраз керілдескенін де ешкім ұмытқан жоқ. Бұл туралы«Жас алашта» жазылған болатын. («Семейліккәсіпкер: Әкімнің сөзі маған ұнап тұрған жоқ!»)
Ал, осыдан бірер күн бұрын Семей қалалық мәслихатыныңхатшысы Бейсенбек АҚЖАЛОВ пен «Нұр отан» партиясы Семей филиалы төрағасыныңорынбасары Зүлфия ЖАМАЛТДИНОВА осы саябаққа арнайы барды. Қол ұстасыпсеруендеуге емес, әрине. Қасына қоғамдық кеңес мүшелерін, БАҚ өкілдерін қосаертіп, саябақтың есігін жаймен ашқызған атқарушы биліктің қос өкілі осы шаруағабасты жауапты – Семей қалалық ТҮКШ басшысы Амантай ӨТЕЛБАЕВТЫ біраз қыспаққаалды. Қыспаққа алды деген аты ғана, бірін-бірі онсыз да жақсы білетін қалашенеуніктері саябақтағы жөндеу жұмыстарының кешігу себебін біліп, жайбарақатпікірлесті.
Бұл жерге қалалық қоғамдық кеңестің төрағасы ретінде келгенмәслихат хатшысы Ақжаловтың тарапынан «жұмыс уақытында бітпесе, әкім ренжидіөзіңіз білесіз» дегеннен ары пәрменді әрекеті байқалмады.
Сырт көз тұрғысынан қарайтын болсақ, қала шенеуніктері,мәслихат депутаттары, қоғамдық кеңес мүшелері саябақтағы жағдайды бірінші ретестіп отырған жоқ. Бірақ, бұл келістері елдің сөзі мен желідегі сындардыңкүшеюі әсерінен қала тұрғындарына жасаған көзалдау әрекет екені соқырға таяқұстатқандай байқалып тұрды. Әйтпесе, аптап ыстықта салқындайтын жер іздепсабылған жұрт үшін саябақтың әлі күнге дейін жабық тұрғанын енді ғанаестіп-білді дегенге бес жастағы бала да сенбейтіні белгілі.
Сонымен, Ақжалов бастаған қоғамдық кеңес мүшелерін «өзінеқаратқан» А. Өтелбаевтың өтірікке ұқсамайтын уәдесіне сүйенсек, саябақтағыжаңғырту жұмыстары қараша айына дейін созылуы мүмкін. Оның себептерін ТҮКШбөлімі басшысы түрлі себептермен түсіндіріп бақты. Айталық, саябақтағыағаштардың қырқылып, күзелуі көктемгі айларға байланысты «қолды бөгесе», оданөзге брусчаткаларды, басқа да саябақ ішіндегі қопарма жұмыстардың өзікезең-кезеңімен жүзеге асады екен. Одан өзге саябақтың орналасу ретіне қатыстысараптама қорытындысын күту де жұмыстың кешеуілдеуіне түрткі болып отыр.
Саябақтағы сергелдеңге ұласқан бұл «серуеннен»білгеніміз- әлі күнге дейін орталық саябақтағы жаңғырту жұмыстарын жүзегеасыратын мердігер компания нақтыланбапты. «Нұр-Сұлтан қаласындағы мемлекеттіксараптамалық орталықтың саябаққа қатысты жөндеу жобасын техникалық қателіктертабылуына байланысты кері қайтарған болатын. Бұлтехникалық қателіктер көгалдар мен гүлзарларды суару жүйесіне байланыстыжоспардан шықты. Түзетіңп қайта жібергендіктен, техникалық жағынан асакүрделілік туа қоймайды деп ойлаймын. Барлық ескертулер ескерілді. Енді бірераптаның ішінде саябақты қайта жаңғырту жұмыстарына байланысты мемлекеттік сатыпалулар жөніндегі байқау жариялаймыз» дейді А. Өтелбаев жайбарақат қана.Бөлім басшысының айтуынша, қараша халыққа қақпасы қарашаға таман ашылатынсаябақ «рухани жаңғырып» сала бергенде барлық стандарттарға сай болмақ.Балаларға арналған бірнеше спорттық және ойын алаңдары, амфитеатр жасалып,құрғақ субұрқақ пен диодты жарық шамдары көз тартып, келушілерді қызықтыратүспек.
Ал, қала әкімі Ермак Сәлімов бұған дейінгі БАҚөкілдерімен кездесуінде облыстық бюджеттен осы мақсатқа 1 млрд. теңгебөлінгенін «сүйіншілеген» болатын. Алайда, қаржы бөлінгенімен, әзірге қарқындыатқарылған жұмыс көрінбейді. Саябақ іші болса, қопарылған тастан, тау болыпүйілген қоқысқа көміліп, көзі түскеннің көңіліне қаяу түсіріп тұр.
Бәрінен де осынау қолайсыз көріністерге қор бола қарап,шарасыз кейіпке түскен Шәкәрім ескерткішіне обал-ақ… Ал, кеше Шәкәрім ҚҰДАЙБЕРДІҰЛЫНЫҢтуған күні болатын. Бәлкім, саябақ ішінде «қамалып отырғандықтан» шығар,ескерткішіне гүл шоқтарын қоюға қаладағы мәдени мекемелердің ешқайсының дәтібарған жоқ.
Фотоларавтордікі.