Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
10:38, 18 Тамыз 2023

1 қыркүйектен бастап шәкіртақы өседі

None
None

1 қыркүйектен бастап ай сайынғы мемлекеттік шәкіртақы мөлшері өседі. Бұл туралы үкіметтің баспасөз қызметі хабарлады.

 

Әлихан Смайылов қол қойған үкімет қаулысына сай, бакалавриат студенттерінің шәкіртақысы 20%, магистранттар мен докторанттардың шәкіртақысы 15%, ТжКБ студенттерінің шәкіртақысы 50% артады.  

Жаңа шәкіртақы мөлшер мынадай болады:

- докторанттарға (оның ішінде «Денсаулық сақтау» бағыты бойынша) – 217 500 теңге;

- даярлаудың «Денсаулық сақтау» бағыты бойынша резидент-дәрігерлерге және магистранттарға – 111 579 теңге;

- магистранттарға – 97 024 теңге;

- интерндерге – 75 890 теңге;

- жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында даярлаудың педагогикалық және «Денсаулық сақтау» бағыттары бойынша білім алатын студенттерге – 67 200 теңге;

- даярлаудың педагогикалық бағыттары және «Денсаулық сақтау» бағыты бойынша білім алатын студенттерді қоспағанда, жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында білім алатын студенттерге – 41 898 теңге;

- техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында жұмысшы біліктіліктері бойынша оқитын студенттерге – 32 681 теңге;

- техникалық және кәсіптік (орта буын мамандарын даярлауды көздейтін), орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында білім алатын студенттерге – 31 422 теңге.

Қаулы 2023 жылғы 1 қыркүйектен қолданысқа енеді.

Айта кетейік, сонымен қатар Мемлекет басшысының Жолдауын іске асыру аясында келер айдан бастап мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту педагогтерінің жалақысы 30 пайызға өсетін болады.

Тегтер: