1 триллион теңге кімге бұйырады?
Мемлекетбасшысына бұл үшбу хатты «Байтақ-Болашақ» экологиялық альянсы атынан жолдап отырмыз.
Айтқымыз келгені – елдегі орта және шағын кәсіпкерлікті қолдау және оны қалай дамыту керектігі. Өзіңіз Қазақстанды дамыту үшін жаңа экономикалық саясат қажет және экономиканың негізгі тегершігі болуы тиіс орта және шағын кәсіпкерліктіқолдау керек деп талаймәрте айттыңыз. Өте дұрыс. Мұны біз де қолдаймыз. Шикізаттық экономикадан нақты өнім өндіретінэкономикаға қол жеткізетін кез келді. Соның бір көрінісі – отандық тауар өндіріп отырған кәсіпкерлерді қолдау. Бұл үшін осы саланы демеп, несие беріп, өркендеуіне жол ашатын құрылымдардың қажеттілігі.
Әрине, экономиканыжандандыруға арналған мұндай құрылымдар елде бар. Мәселен, «Даму» қоры, «Бәйтерек»холдингі, «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы, екінші деңгейдегібанктер, жергілікті жерлерде кәсіпкерлерді қолдайтын түрлі ұйымдар т.бдегендей. Бір қарасаң көз қуантады. Алайда бәрі кәсіпкерлікті тежеп отырғанбюрократиялық құрылымға айналған.Саны бар да, сапасы жоқ. Бұлар мемлекеттен ақшаныалғанымен, қажет кезінде бизнеске нақты көмек бере алмауда. Ең басты кемшілік – бұл жердебизнестің, кәсіпкерліктің не екенін жетік түсінбейтін біліксіз мамандар отыр. Сонымен қатар екінші деңгейлібанктердің жүргізіп отырған саясаты дұрыс емес. Олар кәсіпкерлерді қолдаудың орнына құнды қағаздар шығарып, соларды сатып, пайда тапқанды әлдеқайда жақсы көреді. Керісінше, кәсіпкерлерге көмек беруді олар «пайдасы жоқ,қайтарымы аз, тәуекелі көп сала» деп қабылдайды. Ал мұндай жерде орта жәнешағын бизнес қалай дамиды? Әрине, дамымайды.
Мәселен,Сингапур, Малайзия, Вьетнам, Қытай, Оңтүстік Корея және Жапон елдерінің тәжірибесінеқарасақ, бұлардың бәрінде шағынкәсіпкерлікті қолдау бірінші орында тұр. Барлық жағдай жасалған. Мемлекет тарапынан құқықтары қорғалады. Ең бастысы, адамда «кәсіп ашсам» деген ниет болса болды. Қалғаны қиын емес.Осы себепті бұл мемлекеттер дамып отыр. Ал бізде бәрі керісінше. Демек, бұл құрылымдардың ұстанған саясатын өзгертетін уақыт жеттті. Біз дамыған 50 елдің не болмаса 30 елдің қатарынан табылғымыз келсе, онда ел экономикасына түбегейлі серпін беретін шағын және орта бизнесті дұрыс жолға қойып, оған тосқауыл болып отырған құрылымдардың өзін реформалау қажет. Онсыз елімізде жаңа экономикалық саясат жүзеге асады дегенге аса сенгіміз келмейді.
Тағы бір мәселе, елімізде «Қарапайым заттар экономикасы» деген бағдарлама бар. Ол 600 миллиард теңгемен қамтылған. «Даму» қоры арқылы шағын және орта бизнесті қолдау үшін үлестіреді. Қазіргідағдарысқа байланысты сіздің тарапыңыздан оның қаржылық қоры 1триллион теңгеге дейін көбейтілді. Бұл дұрыс қадам. Алайда осы бағдарламаның қаржысын дажан-жаққа шашып, рәсуа болуда. Бір ғана мысал, Ақтау және Түркістан қалаларында салынып жатқан RIXOS қонақүйлеріне ақша аударылған. Сонда бұл қонақүйлер «қарапайым заттар» қатарына еніп кеткен бе? Мұны қалай түсінуге болады? Кім оны жасап отырған? Түсініксіз. Мұны айтып отырған себебіміз – орта және шағын кәсіпкерлікті қолдауға арналған 1 триллион теңге ұстағанның қолында, тістегеннің аузында кетіп, із-түссіз жоғалып кетпесе екен деген ой.
Осының бәрін таразылай келе, «Байтақ-Болашақ» экологиялық альянсы республикалық қоғамдық штаб құрып, «бұл қаржы қайда кетіп жатыр, кімдерге берілуде, нақты иелерін тауып жатыр ма?» деген себеппен қоғамдықтексеруді бастамақ ниеттеміз. Өйткені қаржы отандық өнім өндіретін нақты кәсіпкерлерге берілуі тиіс. Соны қадағалау – біздің міндет. Өкінішке қарай, «қаржы кімге беріліп, қандай жобаларға құйылып жатыр» деген ақпарат алайық десек, бәрі құпиябоп шығады. Не үшін? Демек, осының өзі көңілге күдік туғызады. Ашық айтылмаған, көрсетілмеген, жабық жердеұрлық болады. Сол себепті құжаттармен танысуды құпия ұстап отыр деуге негіз бар.
Әлбетте, «Қарапайымзаттар экономикасы» жобасықарапайым кәсіпкерлердің емес, олигархтардың мүддесін қолдап жатқан сыңайлы. Сіз 1 триллионтеңге шағын және орта бизнесті қолдау үшін жасалып отыр дедіңіз. Алайда бұлар сізді аттап өтіп, олигархтардың бизнесін қолдауда. Бұл қалай? Осы мәселені жеріне жеткізе тексеріп, тойтарыс беруге тиіспіз. Қоғамдық штаб құруымызда сондықтан. Қазір өзіңіз қол қойып, қолданысқа енген«Митинг туралы» заңның аясында біз митинг ұйымдастырып, осы мәселені ашық талқыласақ, қоғамның пікірін білсек деп жоспарлап отырмыз.
Тағы бір мәселе, «Даму» қоры жөнінде айтсақ, онда қаржыландырудың үш тетігі бар. Ол – өндірісті не болмаса өндірістік емес саланықаржыландыру және грант бөлу. Ал солгранттар кімге беріліп жатыр? Бұл да қарапайым кәсіпкерлергеберіліп жатыр дей алмаймыз. Негізі, осы «Дамудың» төңірегінде жүргендер қызығын көруде. Бұған да көз жұма қарауға болмайды. Бір сөзбенайтқанда, ел экономикасын жандандыруға, қолдауға арналған осындай құрылымдар бүгіндетиімсіз екенін көрсетті. Бұлар отандық өнім өндіріп, халыққа отандық тауар ұсынып отырған кәсіпкерлерді қолдаудың орнына тек баюдың жолын көздеген қалталылардың сойылын соғуда. Үнемі бұлай болуы тиіс емес. Демек, экономиканы қолдау үшін құрылған құрылымдардың бәрін реформалау қажет. Олардың ұстанған саясаты өзгеруі тиіс. Онсыз еліміз дамудың даңғыл жолына түседі деп айта алмаймыз. Сізден сұрайтынымыз – осы салаларды бақылауға алсаңыз. Нақты шешімдер қабылдасаңыз құба-құп болар еді.
Азаматхан ӘМІРТАЙ,
«Байтақ-Болашақ»экологиялық альянсының төрағасы