Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
06:48, 04 Маусым 2020

16 жылға созылған ойран бір ауылдың быт-шытын шығарды

«Жау жағадан алғанда, бөрі етектен тартады» дегендей,онсыз да індеттің кесірінен карантинге жабылған Түркістан облысы Кентау ауданынақарасты Нұртас ауылы жұртшылығын екінші бүйірден ұрылар титықтатып барады.

Байдың жылқысын үйір-үйірімен барымталап бітірген олар ендігіде кедейдіңкүнделікті ас-ауқатқа жаратып отырған ірілі-ұсақты малына ауыз сала бастады.

Соншама жылдан бері елдің еркін жайылып жүрген малын жей-жей тауысқан олар,ақыр аяғы, ауыл жұртының желіге байлаған биелерін құлынымен бірге жетектепкеткен. Не өздері таба алмай, не құқық қорғау органдары іздерін кесіп, қылмыстыаша алмаған соң, әбден ашынған ауыл тұрғындары ең соңғы үміттерін арқалап,журналистерге жүгінуді жөн көріпті.  

Ауыл тұрғындарының айтуынша, былтырдан бері санағанның өзінде, 100-денастам жылқы мен ірі қара жердің жарығына түсіп кеткендей зым-зия жоқ. Қырдағымалдың, әсіресе жылқының ұрлануы тыйылмай отырған себебі – ұрылар ұсталғанныңөзінде, айыппұл немесе малдың құнын төлеп, құтылып кететіндігінде. Малшылар бұлтуралы құқық қорғау органдарына шағымданған, алайда олар «малдың құжаты жоқ,сырға салынбаған болса, онда әуре болмаңдар» депті. 

Мақсат ТҰРЫШТАЕВ, ауыл тұрғыны:

– Биылғы қаңтар айында ауылда 11 бас жылқы ұрланды. Бірге жайылатын үш-төртүйдің  жылқысы. Әрі іздедік, берііздедік, еш дерегі табылмай қойды. Құқық қорғау органдарына жүгіндік, не оларда таба алмады. Содан «амал не» деп, қолды бір сілтеп қоя салғанбыз. Осыжақында ауылдағы Сұлтан деген  кісінің20-дан астам жылқысы ұрланды. Бір емес, бес-алтау да емес, 20-дан көп малыбірден қолды болған соң, ол кісі қатты соңына түсті. Сөйтсе, ұры ұсталыпты. Оныөзі іздеп тауыпты. Онда да жылқыларының жартысы ғана табылған, қалғандарынсойып, сатып жіберсе керек, жылқыларын басы мен терісінен таныпты.  

Жалпы, бұл ауылда бір кездері үйір-үйір жылқы, табын-табын сиыр болсакерек. Алдымен жер жекеменшікке беріліп, жайылымның тарылуы себепті, екіншіден,ұрылар саңырауқұлақтай қаптаған соң, бүгінде санаулы ғана адам мал ұстайтынболған. Ал жоғалған малда есеп жоқ. Күні кеше түбірден ашқан екен, Нұртасауылында болған мал ұрлығының ашылмағанына 16 жыл болыпты. 2015 жылдан берісанағанның өзінде, бес жылда 500-дей жылқы жоғалыпты. Ал 16 жылда қанша мал жоғалғанынешкім нақты айта алмайды. Содан күні кеше бір ұры ұсталыпты. Учаскелік инспекторлармалы ұрланған тұрғындардың барлығын арыздануға шақырыпты. Ауылдан кемі жүзшақты адам жиналып, «ауылдағы ұры кім, айтыңдар» деп, сол жерде қызылжағалылардыңжағасынан алса керек.

Мақсат ТҰРЫШТАЕВ, ауыл тұрғыны:

Олар көп,ұйымдасқан қылмыскерлер ғой. Ішінде біреуі біздің ауылда тұрады екен. Солбасқаларға ақпарат беріп отырады. Сол адамның кім екенін айт десек, майорайтпай қойды. «Екі айдан кейін ұсталған адамның соты болады, сол кезде барлығыашық айтылады, әзірге құпия» деді. Ұрының аты-жөнін неге сұрадық? Себебібүгінде ұрылар ұсталады да, шығып кететін болды ғой. Сондықтан біз полицияғааса сеніп тұрғанымыз жоқ. Олар «осы жолы ұсталады, қылмысты ашамыз» деп уәдеберіп жатыр. Ал біз ұрыны өз бетімізше тапқымыз келеді. Себебі кім білсін,бәлкім, ол күнде бізбен қатар жүрген шығар. Білсек, ең құрығанда сақтанып,етек-жеңімізді жинаушы едік.

Нұрлан АЛШЫНБАЕВ,Нұртас ауылының тұрғыны:

Менің екі сиырымұрланды. Бірі 2018 жылы, екіншісі былтыр, екеуі де күзде жоғалды. Сол кездекөршілерімнің бірінің бес сиыры, артынша тағы үш жылқысы кетті. Арыз жазыпедік, «малдарың құжат жүзінде болмаса, сырға салынбаған болса, іздемейміз» деді.Содан кейін өзімізше іздеп, нәтиже шықпаған соң, амалсыз қоя салдық. Ең соңында,күні кеше карантинде бір үйдің 23 жылқысы ұрланды. Ашынған иесі тура соңынатүсіп, ұрыны ұстапты, ол малдың жартысын қайтарып беріпті, қалғанын ақшалайберем деп уәде берген бе, білмейміз, бірақ оны қамап қойыпты. Соны естіп,бәріміз жиналып шу шығардық. Менікі екі бас сиыр. Ондай аз малды тіптііздемейтін де болды. Малы көптердікі ұсталса, біз соларға, әйтеуір, қолдаубілдіріп дегендей…

«Айта-айта Алтайды, Жамал апам қартайды» демекші, бұл мәселеніқозғай-қозғай нұртастықтар әбден шаршаған. Негізі, соңына шам алып түссе,ашылмайтын қылмыс жоқ. Демек, осы 16 жылда ауылдағы құзырлы орындар мүлдемжұмыс істемеді деген сөз немесе ұрылармен жеңұшынан жалғасып жұмыс істеді ме,әйтеуір, күмән мен күдік көп. «Біздікі секілді бірді-екілі малды ешкіміздемейді» дейді тұрғындар. Ал сол бір сиырдың өзі бүгінде кем дегенде 300 мыңтеңге тұрады. Ал жылқының құны – 500 мың, жас тайдың өзі 200 мың теңге тұрады.Ал ол ақшаны жігіттер қалай табады десеңізші. Алақандай ауылда жұмыс жоқ, сондықтанбас көтерер жігіттер Ресейге кетіп, айлап жатып жұмыс істеуге мәжбүр. Ондақұрылыс немесе зауытта қара жұмыс істеп, тапқан табыстарынан несиесін төлеп,балаларына нәпақа қылып, артылғанына мал алады. Тым құрыса сауып, сүтін ішейікдеген оймен.

– Сөйткен малымыз қолды болды, бала-шағаның аузы ақтан айырылды. Мейлі, онықоя беріңіз. Жақында Сұлтан деген кісінің малы табылды. Жаңа туған жеті құлын…Енелерін сойып тастапты. Құлындардың енесін іздеп кісінегенін естісеңіз…

Шыны керек, бізде мал ұрлығына аса қатты мән берілмейді. Тіпті барымтаға «қазақтыңдәстүрі» деп қарайтындар да жоқ емес. Алайда бір кездердегідей қырда жайылыпжүрген үйір-үйір жылқысы, өрісте табын-табын сиыры, отар-отар қойы бар қазақбүгінде жоқтың қасы. Яғни бүгінде малы бардың өзі оны асырау үшін қаншамақиындықтарға тап болады. Мемлекеттен, бәлкім, субсидия немесе несие алғаншығар. Болмаса азын-аулақ мал болса да, «балаларыма ағарған болады ғой» депасырап отырған шығар. Сондықтан ауылда бір бас мал жоғалса да, оны үлкен шығындеп қарау керек. Бұл туралы былтыр бас прокуратура парламент сенатыныңотырысында мәселе қозғаған болатын. Онда Қылмыстық кодекске «Мал ұрлығы» дегенарнайы бап енгізу жөнінде ұсыныс айтылды. Бұл туралы бас прокурордың орынбасары: «Жалпы, бұл норманың маңызы зор. Төрт түлікке қол сұғу –ауыл адамдарының күнкөріс көзінен айырумен бірдей. Осыған тосқауыл керек. Қазірмал ұрлау кәсіпке айналған. Оны көбіне топ болып, алдын ала сөз байласып,қора-жайға кіріп, бұзып жасайды. Ондай ұрлықты жасайтындар міндеттерді ұйымдастырушы,қасапшы, тасымал жолдары, жалған құжат жасайтындар, базарда алып-сататындардеп, өзара бөліп алады. Өкінішке қарай, бұл қылмысқа қамқорлық жасайтыншенеуніктер мен құқық қорғау органдарының қызметкерлері де бар. Мұның барлығыжүйелі жолға қойылған қылмыс болып кетті», – деген еді.

Біз бұл мақалада қазақтың бір ғана ауылында болған жайтты айттық. Ал малұрлығы қазақта қанша ауыл болса, соның бәріне ортақ қасірет. Тағы бір айтакетерлік мәселе – бұл қылмыстың түп-тамыры тереңге жайылған, ол ұрыдан бастап,қасапшы, базардағы сатушы – бәрі ұйымдасып жасайтын топтық қылмыс. Сондықтан малұрлығымен күресу барысында жалғыз құқық қорғау органдарының жұмысы жеткіліксізболуы әбден мүмкін. Яғни ауыл тұрғындарының өздеріне де барынша сақтық керек. Төрттүлік малдың көбіне өрісте не жайылымда жүріп жоғалып кететінін  ескерсек, онда ең әуелі малға күзетті күшейтудұрыс болар еді.  Сондай-ақ заманауиқұрылғыларды, мәселен, GPS трекерлерді жылқы басқаратын үйір басшысына қондыружағын қарастыру керек шығар. Себебі ол құрылғы жылқылардың қайда жүргенін көрсетіпотырады. Ал қазіргідей жылқысын қырға айдап қойып, екі-үш күнде бір хабар алу –ұрыларға еркіндік беріп қоюмен бірдей. Себебі «ет тәттілігін қоймаса, мен дежеуімді қоймаймын» деп қасқыр айтпақшы, ауыл тұрғындары малды еркіне жіберудіқоймаса, ұрылар да қарап жатпасы белгілі.

Р.S. Біз осы мақаланы жариялауға әзірлеп жатқанда Түркістан облыстық ПДбаспасөз қызметінен хабар жетті. Жалпы құны 70 миллионнан астам теңге тұратын150-ден астам жылқы мен сиыр ұрлаған қылмыстық топ ұсталыпты. Тергеубарысында барымташылардың 125 жылқы мен 30 бас ірі қараны ұрлауға қатысы барекені анықталған. Олардың 2017-20 жылдар аралығында мал ұрлығының 19 дерегіне қатысыбар екені белгілі болды. Күдіктілер қамауға алынды. Полиция қызметкерлеріұсталғандардың басқа да осыған ұқсас мал ұрлығы деректеріне қатыстылығынанықтауда.

Мәриям ӘБСАТТАР 

Тегтер: