Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
08:23, 24 Шілде 2020

17 566 азаматтың коммуналдық төлемдерін мемлекет төлеп берді

Шымкентқаласында төтенше жағдай кезеңінде халықтың коммуналдық қызметтерініңшығындарын өтеп беру ережесіне сәйкес басқарма тарапынан 21 сәуір мен 25 маусымаралығында www.communal-komek.kz ақпараттықжүйесі арқылы 34 171 өтініш келіп түскен.

Бұл жөнінде Шымкент қаласы тұрғын үй және тұрғын үйинспекциясы басқармасының басшысы Ғалымжан Төлепов баспасөз брифингіндемәлімдеді. Басшының айтуынша, өтініштер сараланып 15 000 теңгеден сәуір жәнемамыр айларының төлемақысы төленді.

Қала әкімінің тапсырмасына сәйкес өтінімдер www.communal-komek.kz сайты арқылы қабылдаған. Сайтжұмысы 25 маусым күні сағат 12:00-де тоқтатылған. Өтінімдер талданып,коммуналдық қызметтер мекемесіне жолданған. Өтінімді тексеру барысындаесеп-шоттары өз атында емес немесе тіркелмеген, тіпті бірнеше рет өтініш берген жағдайлар да анықталған.Ағымдағы жылдың мамыр айында 8333 азаматқа 250,0 млн.теңге. Ал маусым айында 9233азаматқа 277 млн. теңге. Жалпы 17566 азаматтың 527,0 млн.теңге қаржысыкоммуналдық қызмет көрсету мекемелеріне аударылған.

Тегтер: