Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
15:21, 05 Қаңтар 2026

17 жастағы Дастан Сәтпаев әлемдік рейтингте көш бастады

Сәтпаев
Фото: ашық дереккөз

Шетелдік Transferroom порталы 21 жасқа дейінгі болашағынан зор үміт күттіретін футболшылардың рейтингін жариялады.

 

Тізімнің көшін Қазақстан ұлттық құрамасы мен алматылық «Қайраттың» 17 жастағы шабуылшысы Дастан Сәтпаев бастады. Оның әлеуеттік рейтингі – 88,6. Бұл чемпионаттағы орташа көрсеткіштен (65,6) айтарлықтай жоғары.

Екінші орында Гондурас құрамасы мен «Олимпия» клубының 18 жастағы форварды Дерек Монкада (86,7), үшінші орында Боливияның «Боливар» клубының қорғаушысы Эсклейсон Фрейта (87,1) тұр.

TransferRoom мәліметінше, бұл ойыншылардың әлеуеті Йозуа Киммих, Усман Дембеле және Рубен Диас сынды жұлдыздардың қазіргі деңгейіне сай.

Айта кетейік, Дастан Сәтпаевтың көрсеткіші 2025 жылғы «Алтын доп» иегері Усман Дембеледен де жоғары.