Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
18:49, 29 Тамыз 2024

29 тамыз - Семей полигонының жабылған күні

1
Фото: ашық дерек дереккөз

29 тамыз - Семей полигонының жабылған күні.

1949 жылдың 29 тамызынан бастап ядролық сынақтар жүргізген Семей ядролық полигоны 1991 жылы 29 тамызда жабылды. Кейінгі 50 жыл ішінде 456 ядролық сынақ өткізілді, оның жалпы қуаты Хиросимаға тасталған атом бомбасының қуатынан 2500 есеге асып, 18 000 шаршы км-ден астам аумақты қамтыды.

Полигон 1991 жылы Президенттің жарлығымен жабылды. Содан бері Ұлттық ядролық орталықтың ғалымдары ядролық және радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, полигонды бейбіт мақсатқа айналдыру бағытында орасан зор жұмыстар атқарды.

Ең маңызды қадамдардың бірі – полигонның барлық аумағына  экологиялық зерттеу жүргізу болды. Қазір ядролық қауіпсіздік аймағын құру бойынша жұмыстар белсенді жүргізіліп жатыр. Ол үшін өткен жылы арнайы заң қабылданды.

Семей ядролық қауіпсіздік аймағын құру қауіпті аймақтарды шектейді және радиоактивті одан әрі тарауға жол бермейді. Кейін ластанбаған жерлер шаруашылық айналымға қайтарылып, ондаған мың шақырым жердегі аймақтың экономикасының дамуына септігін тигізеді.