42500 теңгені 100 мыңнан астам азамат алды
Шымкентқаласында карантин кезіндегі шектеу шараларының енгізілуіне байланыстытабысынан айырылған 100 504 азаматқа шілде айына 42 500 теңге мөлшеріндебіржолғы төлем берілді.
Ал, қала бойынша 105 821 тұрғыннан өтініш келіп түскен.Бұл туралы қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы басшысыныңорынбасары Ж.Утебаева ақпараттық-коммуникациялық орталығында өткен брифингтемәлім етті.
Әлеуметтіктөлемді кімдер және қалай алуға болатыны туралытүсіндіріп өткен сала маманы бүгінгі таңда өтініш беру жеңілдеп, төлем алутәртібі өзгергенін айтты.«Өтінімдерді egov.kz – веб-порталы, 42500.enbek.kzпорталы, telegram-bot-тар, Aitu мессенджеріндегі 42500.enbek.kz қосымшасы жәнеде екінші деңгейдегі банктердің мобильді қосымшалары мен интернет-ресурстарыарқылы беруге болады. Біржолғы төлем жалақысы сақталмайтын демалыста жүргенқызметкерлерге, жеке кәсіпкерлерге, жеке практикамен айналысатын адамдарға,нысанасы жұмыстарды орындау (қызметтер көрсету) болып табылатыназаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша табыс табатын жеке тұлғаларға,бірыңғай жиынтық төлемді төлеушілер болып табылатын жеке тұлғаларға берілетінболады»,-деді Ж.Утебаева.
Соныменбірге, жалдамалы жұмысшы, жеке кәсіпкерлер, соның ішінде БЖТ-ны тұрақтытөлеушілер (ай сайын) болып табылатын мүгедектер, студенттер, егер оларшектеулерге байланысты табыстарынан айрылса, біржолғы төлем алуға құқылы.Айта кетейік, өтініштер 2020 жылдың 1 қыркүйегіне дейін қабылданады. Төлемшілде айына ғана төленеді.