Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
19:19, 12 Тамыз 2019

66 жастағы Әйтімова саясаттан кетті

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт ТОҚАЕВТЫҢжарлығымен сенатор Бірғаным ӘЙТІМОВАНЫҢ өкілеттілігі тоқтады.

Бұл туралы «ЖасАЛАШ»тілшісі хабарлайды.

Ең алғаш 1996 жылы сенат депутаты болғанБірғаным Әйтімова саясаттан кеткенін мәлімдеді. Совет кезінде саяси карьерасынкомсомолдан бастаған саясаткер премьер-министрдің орынбасары, білім және ғылымминистрі, елші сынды жауапты қызметтерді атқарған. Достық, Парасат, Құрметордендерінің иегері. Енді 66 жастағы экс-сенатор бизнеспен айналысып көрмекекен.

«Өмірімдеалғаш рет таңдау құқығым бар деп айтуға болады. Қазір мен қай бағыттақозғалатынымды айтуға дайын емеспін, бірақ бос отырмаймын. Қабілетім менмүмкіндігіме байланысты нәрсемен айналысамын. Мемлекеттік, саяси, дипломатиялыққызметте тәжірибем бар. Өзімді жаңа бағытта сынап көргім келеді.Мен ешқашанбизнесте, сервистік, консалтингтік қызметтерде жұмыс істемедім. Қандай бағыттатоқтайтыным — әлі белгісіз. Жаһандық коммуникация мүмкіндіктерін пайдаланғымкеледі», — деді Бірғаным Әйтімова.

Фото: gorodpavlodar.kz

Тегтер: