Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
11:52, 29 Тамыз 2025

Абай облысында мектеп оқушысынан ірі көлемде есірткі табылды

1
Фото: ашық дереккөз

Polisia.kz хабарлауынша, жергілікті полиция 15 жастағы мектеп оқушысын және 16 жастағы колледж студентін ұстаған.

Қыздың сөмкесінен синтетикалық есірткінің ірі партиясы табылған. Полиция дерегіне сәйкес, студент оны тарату үшін қыздың сөмкесіне жасырып қоюға тырысқан. Ол «қоймашы» болып жұмыс істеген.

ІІМ ата-аналар мен мұғалімдерге үндеу жасап, жасөспірімдердің мінез-құлқындағы өзгерістерге назар аударуға, олардың ортасын және жүрген жерлерін бақылауға, телефондарын мен мессенджерлерін тексеріп тұруға шақырды. 2025 жылдың басынан бері Қазақстанда есірткі қылмысы үшін 49 жасөспірім ұсталған. Оның алтауы тамыз айында анықталған.

Жуырда Шымкентте тағы екі 17 жастағы «қоймашы» қолға түскен. Есірткі тарату қылмысы үшін 5 жылдан 20 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Тегтер: