Әдебиеттегі ұлтшылдық кезең

Мағжан ақынды ақтау тарихынан
ХХғасырдың 60-жылдары Қазақстан басшылығының атына Мағжан Жұмабаевтың шығармашылығына байланысты Коммунистік партиятарапынан салынған тыйымның күшін жою туралы екі ұсыныс келіп түсті.
Оныңалғашқысы С.М.Киров атындағы Қазақ университетінің профессорлары атынан (1968),ал екіншісі Башқұртстанның халық жазушысы Сайфи Құдаштың атынан (1969) еді.Қазақ университетінің профессорлары арасынан, әсіресе, белсенділік танытқан орысфилологиясы кафедрасының меңгерушісі Хатимолла Махмудов еді. Әдебиетші МағжанЖұмабаевтың шығармашылығына арналған «Казахский лирик» атты мақаласында ақынның«Айға» деп аталатын өлеңіндегі:
«Кең дала, көресің ғой, ана жатқан
Жібектей жасыл шөптер бетін жапқан.
Асқар тау, балдан тәтті сулары бар,
Әне, сол анам еді мені тапқан...» –
деген оның бүкілшығармашылығына беташар боларлық жолдардан бастап, «Ақын шығармашылығын нақты тарихи шындықпен,яғни сол бір қазақ халқының өміріне бұрын болмаған ұлы әлеуметтік сілкіністерала келген, оның қоғамдық-экономикалық тіршілігіндегі бетбұрыстарменорганикалық байланыста қараған жөн. Сол кезеңдегі қалыптасқан нақты жағдайдыесепке алу арқылы ғана Мағжан Жұмабаев шығармашылығын тура түсінуге қажеткілтті табуға болады», – деген астарлы тұжырымын баяндап, «халықтар түрмесі»атанған Ресейдің ұлттық шет аймақтарындағы ең алдыңғы, прогресшіл нәрселердіңбәрі де ұлт-азаттық қозғалыстармен байланыста өмірге келгенін, Мағжан ақын дабарлық шығармаларында елін білім мен азаттыққа шақырғаны, ал мұның өзі табиғизаңды құбылыс екенін тура түсінуге шақырды. «Ұмыттырудың да өлім сияқты екіжолы бар: табиғи және зорлық арқылы. Мағжан шығармашылық қуаты тасыған шағындасоветтік билік тарапынан өлтірілді. Бүгін оның есімі толық ақталған. Ақынныңпоэтикалық мұрасын оқырманға қайтаратын уақыт жетті», – деп жазды.
Екінші хаттың иесі башқұрт елінің халық жазушысы Сайфи ҚұдашҚазақстан Компартиясы орталық комитетінің бірінші хатшысы Д.А.Қонаевқа жолдағанхатында Қазақстан өзіне ыстық, екінші Отаны екенін, осында «өз университеттерінен»өткенін, сондықтан да қазақ әдебиетіне байланысты ерекше ықыласын жеткізіп, осыәдебиеттегі Абай дәстүрін жалғастырушы Мағжан ақынды шығармашылық тұрғыдан «қамаудаұстаудың» әділетсіздікке жол берумен тең екеніне назар аударады. Бұл жағдайдыңнақты көрінісі ретінде 1968 жылы қарашада Қазақ университетінде өткен жиналыстыМағжан ақынның екі томдық шығармалар жинағын баспадан шығаруға байланыстықабылданған шешімді Қазақстан Компартиясы орталық комитеті тарапынан «саясиқате» ретінде бағалағаны өкінішті екенін айтады.
Сайфи Құдаш «Тоқсанныңтобын» жазған Мағжан ақынның: «Жырладым елді жалпылап, Жасырмай жүзді жоқтадым.Тоқсанға енді тоқтадым...» дегенде, бұл арада оның «жүзден тоқсан» деп еңбекшіхалықты, ал «он» деп алаштық зиялыларды айтып, билікке большевиктік идеологиянымойындайтынын білдіріп отыр. Дегенмен ол оған дейін «Жасырмай жүзді жоқтадым»деп ескертеді, яғни таптық емес, жалпыұлттық позицияда тұрғанын көрсетеді. «Тоқсаннансонау он аулақ, сонау оннан мен аулақ, мен тоқсанмен біргемін», – деген сөзінебилік бәрібір сенген жоқ. «Неге сенбеді?» деген сұрау қойып, оған «Оның жалғызғана себебі бар, ол – ақынның ұлтшыл ұстанымды болғандығы» деген жауабынбереді. Әбден дәлелді де дәл жауап. Совет өкіметі мен Коммунистік партияның ешуақытта бітіспес бір жауы қазақ ұлтшылдығы болды. Қазақ ұлт-азаттыққозғалысының туын ұстаған ақынның ұлт мәселесінде большевизммен ымыраға келуітіптен де мүмкін емес-тін. Бұл басы ашық нәрсе болатын. Бұл ақиқатты екі жақ тақатесіз анық түсінді. Жүсіпбек Аймауытұлының, Мағжан Жұмабайұлының атылыпкетуінің түп-төркінінде осы бітіспес ұстаным жатты. Совет өкіметі өмірініңсоңына дейін қазақ жазушыларын мынадай жікке бөліп ұстады: социалистік реализм,яғни интернационалдық және ұлттық ұстанымдағылар деген мағынада. Бұл арада «ұлттықұстанымдағылар» деген сөзді ассимиляция саясатына қарсылар деген мағынадатүсінген дұрыс.
Сайфи Құдашкезінде советтік идеологияны қабылдай алмаған И.А.Бунин және А.И.Куприн сияқтыұлы орыс жазушыларының шығармаларына салынған тыйымның советтік идеологиятарапынан алынып тасталып, бұл ұстанымның Мағжан, Ахмет, Міржақып, Жүсіпбекшығармашылығына қатысты күшін жоя қоймағанын ашық болмаса да, астарлы түрде осықазақ ұлтшылдығымен тікелей байланысты болып отырғанын меңзейді.
Осы реттеенді мынадай бір мәселеге тоқталуға тура келеді. Қазақстан билігі алдындаМағжан ақынның шығармашылығын қазақ оқырманына қайтару мәселесінде неге татаржәне башқұрт зиялылары белсенділік танытты деген сұрау туады. Бұл жағдайдыңастарында жатқан нәрсе тағы да сол баяғы «қазақ ұлтшылдығы» еді. Коммунистікпартия, Совет өкіметі қазақ зиялыларын ұлтына қатысты ақиқатты ашық айтуқұқынан біржолата айырған-тын. С.Құдаш осы жағдайға байланысты «Бұл хаттыжазуға түрткі салған менің қазақ достарым болды» деп ескертеді.
Жалпы,советтік идеологияның Мағжан ақын шығармашылығына байланысты ұстанымнан бұлсаяси жүйенің көркем әдебиеттегі шындыққа үзілді-кесілді жол бермеу жағында тұрғаныанық байқалды.
Жүсіпбек Аймауытов:
Адамның ұлты көркейсе, өзі де көркейеді
«Проклинаю судьбу,создавшую меня
Жалким сыном этогожалкого народа!»
Ж.Аймауытов
ХХ ғасырдың 20-жылдарының орта тұсынан бастап саяси жүйеқазақ қаламгерлерін ұлтшылдық ұстанымынан қайтару ісін түрлі қиянатты шараларғабару арқылы қолға алды, яғни осы мақсатта перманентті сот процестерін өрбіту,зиялыларды түрлі мезгілге соттау немесе өлім жазасына кесу актілері іскеасырылды. Бұл ретте шығармашылықтағы ұлттық ұстанымды аса жоғары дәрежеде,өзінің зор талантына сай жігермен орнықтыруға күш салған Жүсіпбек Аймауытұлыныңтағдыры ұлттық руханиятқа жасалған қиянаттың нақты көрінісі еді. Ж.Аймауытовүшін оның қазақ ұлт-азаттық қозғалысындағы басқа да замандастары сияқты ұлттықбостандық идеясы бірінші кезекте тұрды. Бұл ұстанымын ол жасырған да емес. Олайболуға тиіс екеніне сенімді болды. «Бір халықтың ұлтшыл адамдары, – деп жаздыол, – көбейсе, ұлты үшін жанын салып, сол ұлтты көркейтуге тырыспақ. Адамның өз басының көркеюімен ұлты көркеймейді, ұлтыкөркейсе, өзі көркейеді. Бір ұлт бақытты болса, ол бақыт сол халықтың ішіндегіадамдарына да ортақ. Ұлтшыл болу – адамшылық ісі емес, заманның ісі».
Бұлбостандық үшін жалпыұлттық күрес кезеңіндегі шығармашылық иесінің бағдарламалықұстанымы болатын. Ел азаматтарының бойындағы мұндай сезімді, Мағжан ақынайтқандай, «аспандағы лаулап жанған отпен» ғана теңеуге болатын еді. Империяшылұстанымдағы қара пиғылды күштер оны бірден таныды, таныды да, тезірек сөндіругеұмтылды. Ж.Аймауытұлы қазақ қаламгерлерінің сағын сындыру мақсатында ұйымдастырылғанекі бірдей соттың (1924-26, 1928-30) құрбаны болды. Ал Жүсекеңнің 1930 жылыМәскеуде атылуының басты себебі де оның жасап қойған қылмысына байланысты емес-тін.Жазушының ондай қылмысы болған күнде саяси полиция үлкен шумен әлемге жарсалған болар еді. Атылуының басты себебі оның талантты қаламгер ретінде ұстанғанұлтшылдық бағытына байланысты болғаны ешқандай да күмән тудырмайды.
ОГПУ тергеушілері бұл ретте империя мүддесін қорғаушыларрөлін соңына дейін атқарды. Олар Ж.Аймауытұлы тірі қалып, өмір сүрген күнде Советөкіметі тарапынан ұлт руханиятына жасалынған қиянаттың жазушы қаламы арқылыкөркем полотноға айналуы әбден мүмкін екенін білді. «Ақбілек» сияқты шығармаавторының қолынан ол келетін еді. Бұл – бір.
Екіншіден, ОГПУ-КГБ – бұл саяси-идеологиялық жүйе. Оның қызметі империяның солөткінші кезеңдегі жауларымен күрес жүргізумен шектелген жоқ-тын. Ол империяныңқарсыластарымен күресте мемлекеттің ертеңгі күніне де қатысты шешімдер қабылдап,оны іске асыруды есінен шығарған емес. Сондай-ақ ол идеологиялық қызметін жабықтүрде жүргізетін мекеме рөлін қатар алып жүрді. Бұл мекеменің қазақ қоғамындағыәулеттерге қатысты репрессиялық шаралары осындай тұжырымға жетелейді. Бұлтұрғыдан алғанда патшалық Ресей менСоветтер Одағындағы құпия полиция қызметі өзара сабақтастыққа негізделді. Саясижүйелердің ауысуы немесе ұстанымдық тұрғыдан өзгерістерге ұшырауы құпия полицияқызметінің жалпыимпериялық мазмұнына түбегейлі бетбұрыс әкелген емес.
Мәскеудегі ОГПУ басшылығына Ж.Аймауытұлын өлім жазасына кесусол тарихи кезеңде империя көлемінде «тым» белсенділік танытқан қазақ зиялыларымен қаламгерлерін ұлтшылдық ұстанымынан қайтару үшін қажет болды. ЖүсіпбекАймауытұлы 1917 жылдың алғашқы айларынан бастап, өмірінің соңына дейін саналытүрде ұлт-азаттық идеологиясы арнасында ғана болып қойған жоқ, бұл бағдарламалықұстанымның жалпы қазақ халқы мойындаған ең белсенді де беделді жаршыларыныңалдыңғы сапында болды. Тап осы күрделі тарихи мезгілдегі қоғамдық өзгерістергеқатысты өзінің көзқарасы туралы 1929 жылы ОГПУ тергеушілеріне бергенкөрсетуінде мынадай ойды айтты: «Мені не үшін айыпты санауға болса, ол – әрине,ұлтшылдығым үшін. Бірақ менің ұлтшылдығым ерекше, тіптен қайғылы сипатта болдыдеуге келеді. Бәрі неден басталды: Ақпан революциясының жеңісімен жалпы жұрттықұшағына алған ұлттық сілкініс сол тұстағы қазақ жастарын да елітті. Соларға үнқосып, мен де ұлт еркіндігін жырладым. Іштей байды, құлақты жек көрдім, ал ісжүзінде ұлтшылдық жағында болдым. Қазақ халқының ауыр халі, надандығы меніңжүрегімде аяушылық сезімін туғызды, ал оның тіршілігі мен мінезіндегі жағымсызқылықтары зығырданымды қайнатып, жеккөрушілік отын жақты. Мен оның жағымсызмінезін, салт-дәстүрін, діншілдігін, қысқартып айтқанда, ескіден қалған жатқылықтарына қарсы болдым, сондықтан да кейбір ұлтшыл ақын-жазушылар сияқтыбұрынғы хандар мен батырларды дәріптеуден өзімді алыс ұстадым», – деген пікірінбілдіре келіп, ойын мынадай көңіл аударуға тұрарлық тұжырыммен жалғастырады: «Меніңтүсінігімше, қазақ ұлты өз бетінше дербес тұра алмайды, ол сыртқы қолдауғамұқтаж, оны өз бетінше қалдырсаң көш бастаушылары билік үшін бірін-бірі жепқоюға даяр. Мұндай жағдай оның тарихынан байқалады, оның мәдени жәнеэкономикалық дәреже деңгейінен, ұлттық қозғалыс тәжірибесінен туындайды».
ЖүсіпбекАймауытұлының бұл тұжырымынан туған елінің қайғылы кемшілігіне айналған ұлттықмінезінің әлсіз қырына байланысты айтқан үлкен өкінішінің табы байқалады.
Соныменбірге Ж.Аймауытұлы көзқарасындағы мынадай ерекшелікті байқау қиын емес. Жазушысол тарихи кезеңде өмір сүрген кейбір қаламгерлер сияқты әсіреқызыл, тапшылбағытты ұстанған емес. Ол нағыз талант иесіне тән, жігері мен жалпы ұлтқатиесілі қадір-қасиеттер мен құндылықтарды құрметтеу мен дәріптеу жағында болды.Тергеу барысында берген жауабында ол: «Менің, бір жағынан, кедейлерге жанымашыды, оларды өз шығармаларымның кейіпкері етіп жаздым. Ал, екінші жағынан,ұлтшылдық көңіл күйім кейде басымсынып жатты. Сондықтан да сыншыларымыздың меніжазушылардың қай тобына, яғни төңкерісшілдер жағына ма, жоқ әлде ұлтшылдаржағына ма, жоқ әлде жолбикелер тобына жатқызарын білмей абдырағаны бар. Ал,өзімнің түсінігімше, идеологиялық ауытқушылық пен төңкерісшілдік Сейфуллин,Мұқанов, Майлин сияқты жазушыларда қанша болса, менде де сондай. Рас, олардыңқайсыбіреулерінде құр даурықпа сөз көбірек, ал менде болса өмір шындығы,көркемдік басымырақ. Айырмашылық сол ғана...»
ЖүсіпбекАймауытұлы – өзінің талантына, жазған шығармаларының рухани қуатына сенген өзқабілет-қарымын, басқаша айтқанда, өз бағасын адаспай, мейлінше дәл түсінгенталант. Өз шығармашылығында ұстанған теориялық концепциясының туралығына, оныңадамгершілік мазмұн-астарына кәміл сенген ол ОГПУ-дың шығыс бөліміне хатжолдап: «Соңғы уақытта мен жанымды жеген азапты ойларым мен тербеністерімдікейінге ысырып, тап жазушысы болуға бел будым. Сонда байқағаным: жаңа ұстанымғаөтуді қалау аз екен, өту үшін терең сенім мен ниеттің тазалығы қажет. Ол үшінөзің де сол құрылысшылар қатарында болып, қайнаған өмірге құлшына араласыпкетуің керек. Осы айтылғандарды баяндайотырып, мен шығыс бөлімінен бірнеше әңгімелерім мен фельетондарымды орыс тілінеаудартып, олармен танысуды өтінемін, сол арқылы осы өтінішімде баяндалғанойларымның шын екеніне көз жеткізуге болады. Егер бәрін аударту мүмкін емес дептапсаңыздар, онда ең болмаса бірнеше әңгімелерімді ғана, мәселен: 1) Тастамаққойшы; 2) Кузьма; 3) Жидебайдың баяндамасы; 4) Жарыққа жыр; 5) Что это, если непеременность?; 6) Плохой туман (детская сказка); 7) Красная юрта, краснаядевица сияқты шығармаларымды. Бұл шығармаларымның бәрі де сіздерде бар. Егеррұқсат берсеңіздер, оларды өзім-ақ аударып берер едім, аударманың дәлдігінбіреуге тексертіп алуға болады. Мен қазақ жазушылары мен ақындарының бірде-біреуінің«Жарыққа жыр», «Жаман тұман» және «Қызыл үй, қызыл қыз» сияқты қарапайым даәсерлі және иланымды шығармалар жазбағандығына сенімдімін. (Әрине, олар орыстіліне аударылғанда алғашқы нәрінен біраз айырылады).
Мен, әрине,Совет өкіметіне адал ниетпен пайдалы қызмет жасап, өз тағдырымды еңбекшілертабымен байланыстырып, оның арманы мен тілегін көркем образдар арқылы берсемдеймін. Бұл менің жүрекжарды сөзім. Мені БК(б)П партиясынан ажыратып, бақытсызхалықтың бақытсыз ұлы етіп жаратқан тағдырыма налимын».
Ж.АймауытовОГПУ коллегиясының (Мәскеудегі) 1930 жылғы 4 сәуірдегі шешімімен ату жазасынакесілді. Жазушыға мынадай мазмұндағы кінә тағылды:
1) М.Дулатұлы басқарған қазақтардың антисоветтікжасырын ұйымының қызметіне белсенді түрде атсалысты;
2) 1928 жылыБК(б)П орталық комитетінің мүшесі Голощекинді жоюға байланысты мәселеніталқылауға қатынасқан;
3) 1927-28 жж.Совет өкіметіне қарсы қарулы көтерілістер даярлау үшін далаға кетуге даярлықжасаған.
Ж.Аймауытовақтық сөзінде бұл тағылған кінәларды мойындаудан бас тартқан. Жазушының антисоветтікжасырын ұйымға қатысқанын растайтын құжаттық және басқа материалдар жоқболатын, ондай дәлелді мәскеулік тергеу орындары да келтіре алған жоқ. Дегенменмәскеулік саяси полиция Ж.Аймауытовқа байланысты ауыр жаза қолдануды туракөрді. Бұл үкім, әрине, қазақ азаттық қозғалысына байланысты шығарылған үкімболатын.
Араға 37 жылсалып, яғни 1967 жылы Жүсіпбек Аймауытұлының туысы, Алматы қаласының тұрғыны,зейнеткер С.Оқасов КПСС орталық комитетінің хатшысы П.Н.Демичевқа «көзқарасындағықайшылықтарға байланысты» атылған талантты жазушының осы уақытқа дейін «республикадағыкітапханалардың бірде-біреуінде шығармаларының жоқ екені» түсініксіз жағдай,Ж.Аймауытовтың ісін қайта қарап, тиісті орындарға ақтау жөнінде тапсырма беруінөтінеді.
СоветтерОдағының бас прокуратурасынан С.Оқасовтың атына келген хатта (1967 ж. 5 сәуір) «Тексерубарысында анықталғандай, Ж.Аймауытов 1930 жылы 4 сәуірде антисоветтік ұлтшылдықұйымының мүшесі болғаны үшін ату жазасына тура кесілген, соған байланысты оныақтауға ешқандай да негіз жоқ» деген жауап жазылған еді.
Мәмбет ҚОЙГЕЛДИЕВ,академик