Live

Ким Чен Ын Солтүстік Кореяда жасалған жаңа қаруды сынақтан өткізді

Солтүстік Корея басшысы Ким Чен Ын әскери кәсіпорындардың біріне барып, елде жасалған жаңа тапаншаны жеке өзі сынақтан өткізді.

Ким Чен Ын

Бұл туралы Korean Central News Agency (KCNA) хабарлады.

Агенттік мәліметінше, Ким Чен Ын кәсіпорынның атыс алаңына барып, жаңа қарудың жауынгерлік сипаттамаларымен танысқан. Солтүстік Корея көшбасшысы жаңа тапаншаның дәлдігі мен нысанаға дөп тию қабілетін жоғары бағалап, оның әскери қолдануға толық жарамды екенін атап өтті.

Бұған дейін Ким Чен Ынның қарындасы, Корея Еңбек партиясы ОК бөлім меңгерушісі Ким Ио Чен АҚШ пен Оңтүстік Кореяның бірлескен әскери жаттығуларын сынға алып, Пхеньян тарапынан жауап болуы мүмкін екенін ескерткен еді.

Тегтер: Ким Чен Ын
Сайт  Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз