Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
06:52, 21 Сәуір 2020

Әдебиеттегі ұлтшылық кезеңі

Бұл кез келген елдің өніп-өсу тарихындағы кезең. Оныайналып өткен қоғам, мемлекеттер батыста да, шығыста да болған емес.

Ол кез келгенқоғамның жаңа заманауи сұраныстарға бейімделуінің алғышарты есебінде өміргекелді. Бұл жолдан орыс қоғамы да өтті.

Ұлтшылдық қазақ қоғамына қоғамдық ойдағы ағым ретінде ХХғасырдың басында жетті, оған өмірлік негіз болған – жер мен діл мәселесі. Алоның ұраны «Оян, қазақ!» болды.  Советтік кезеңде бұл  ұран «Бір  сырлы, сегіз  қырлы  болу керек» деген ұстаныммен  толықтырылды.

Ұлтшылдық барлық қоғамда ұлттық ұю процесінің және оныңмемлекеттілігінің қалыптасуымен аяқталады. Қазақ ұлтшылдығы ондай нәтижеменаяқталмады. Оның себебін Қазақ елі құрамында болған Ресей мемлекеттілігінің ішкіқисынынан іздеген жөн. Ал Ресей мемлекеттілігі (оның патшалық және советтіккөрінісінде) өз халқына да, сол сияқты құрамындағы қазақ сияқты елдерге де өзін-өзібасқару ісінде еркіндік беруге даяр болмай шықты. Соған байланысты Қазақ елініңмемлекеттілігіне ұмтылу процесі ресейлік күштердің тікелей араласуымен үзіліпқалды. Бұл процесс 1991 жылы Советтер мемлекетінің ыдырауымен қайта жалғасынтапты.

Ұлтшылдық ұлт өміріндегі ағым, көзқарас, ұстаным ретінде әдебиетсаласында толығырақ көрініс тапты. Соған байланысты қоғам өміріндегі бұл ағымдыәдебиетшілердің өмір жолы және шығармашылығымен байланыста зерттеу әділеттіболмақ.

Әдебиеттанушы Есмағамбет Самұратұлы Исмайлов Ресейимпериясы құрамындағы советтік тарихқа дейінгі әдеби процесті екі кезеңге, яғниерлік және зар заман кезеңдеріне бөліп қарастырады. Ал ХХ ғасыр басындағыәдебиеттегі жаңа процесті талдауға келгенде идеологиядағы шектеулергебайланысты түсінуге болатын ұстамдылық танытады. Осы ұстанымдылық инерциясы әліде байқалады. Біздің түсінігімізде 1909 жылы Петербург пен Қазан қалаларындажарық көрген  А.Құнанбайұлының,А.Байтұрсынұлының және М.Дулатұлының шығармалары қазақ қоғамдық ойында жәнеәдебиетінде жаңа кезеңді, яғни ұлтшылдық кезеңін бастап берді.

Ұлтшылдық қазақ қоғамында жоқтан пайда болған емес, оныңұлт өмірінде терең тамыры болды, сондай-ақ сол тарихи кезеңде ұлтты сақтапқалудың басқа әдіс-құралы, қаруы да болған емес.

Большевизм қазақ жеріне аяқ басқан бетте қазақұлтшылдығын ұлттың қоғамдық дамуда артта қалғанының көрінісі ретінде, алалаштықтардың ұлттық негіздегі автономия талап етуін көзқарас шектеулігіесебінде бағалады. Алаштықтардың саяси ұстанымын халыққа осы тұрғыдантүсіндірді. Уақыт көрсеткендей, бұл мәселеде шектеулілік танытқан алаштықтаремес, ресейлік большевизм көсемдері еді.

Ұлттық автономиялық кезеңді немесе ұлттық мемлекеттіліктіайналып өтіп, ұлттық және әлеуметтік тәуелсіздікке жеткен қоғам әлемдік тарихтаболған емес. Бұл – бір.

 Екіншіден, қазаққаламгерлері тар ұлтшылдық ұстанымында болған жоқ, олар ұлттық негізді сақтайотырып, шығыс пен батыс мәдениеттерінің жетістіктерін тең игеру жолында тұрды. Мағжанақын «Еуропа өмірінің өрі, қыры, күнгей де, теріскей де беттері адабиятынатүскен. Еуропа адамының терең сезімдері, асқарлаған қиялдары адабияталыптарының сұлу суреттерінде болып, жалпы адамзаттың алдына тасталған» деп,қазақ әдебиетіне де осы жолды тілейді.

Үшіншіден, советтік идеология интернационализм принципінқазақ ұлтшылдығына қарсы қойды. Мұндай қарсы қою заңдық негіз алды. РСФСР Қылмыстықкодексінің (1926 ж.) 58-бабына сәйкес, Совет өкіметінің ұлттық саясатынаайтылған сын контрреволюциялық әрекет ретінде бағаланып, оны айтқан қаламгер еңжоғары жазаға (ВМН) бұйырылды. Шығармашылығы арқылы ұлтшылдық идеясын анық таашық танытқан ұлт қаламгерлері, оның алғашқы және екінші буын өкілдерірепрессия құрбаны болды.

Бұл жағдай ұлттық көркем ойдағы жарылысқа ұласты. 1925жылы әдеби процесте анық байқалған екі ағым, яғни «Алқа» (М.Жұмабаев т.б.) менҚазАПП (С.Сейфуллин, С.Мұқанов т.б.) арасындағы қарсыласу мен олардыңбағдарламалық ұстанымдарының өмірге келуі соның айғағы болатын.  Бұл қарсыласу, әрине, тек әдебиеттегіұстанымдар қарсыласуы емес-тін. Өйткені қазақ қоғамдық қозғалысындағы белсендіинтеллектуалдық күштер, басқаша айтқанда, ұлттың қоғамдық санасын соңына ертеаларлық күші бар қалам иелері түгелдей дерлік ақын-жазушылар мен ғалымдарқатарында болды. Яғни бұл қарсыласу ұлттық қоғамдық ойдағы қарсыласудыңкөрінісі-тін.

Шығармашылықтағы бұл күрес әдебиетте социалистік реализм депаталған әдістің орнығуымен аяқталды. Дегенмен ұлттық көркем ойдағы бұлқарсыласу  20-жылдармен аяқталған жоқ-тын.Ол кейінгі жылдарда да өзін көрсетіп отырды. Сондай-ақ ол таза таптық-партиялықмазмұнда ғана емес, М.Әуезов тура байқап көрсеткендей, оған «феодалдық-рулық»мүдделер де араласумен болды. Мұндай қойыртпақ қазақ руханиятын кейінге тартпаса,ілгері өсуіне ықпалын тигізуі мүмкін емес еді. Біздің  баяндауымыз әдебиеттегі ұлтшылдық  кезеңініңсоңын  қамтиды. Біз  әдеби процеске жасалған қиянатты көрсетуді көздедік.

Мағжан Жұмабаев: Қазан төңкерісі (1917) біз үшін Еуропа тарихы тудырған жаттөңкеріс

Совет өкіметі өзін әдебиеттегі талантқа үлкен құрметпенқарап, қамқорлық жасайтын билік жүйесі ретінде көрсетуге тырысты, осымазмұндағы түрлі үгіт-насихат шараларын да іске асырды. Дегенмен Советөкіметінің қазақ қаламгерлеріне байланысты өмірдегі ұстанымы мүлдем басқатұжырымдар жасауға негіз береді.

Идеологиялық аппарат қаламгерлерге байланысты саясатындақолдауды тек өкіметтің ұстанған бағытына жұмыс істейтін ақын-жазушыларға ғанакөрсетті, сый-сияпатын соларға ғана үйіп-төкті, ал биліктегі партия ұстанымынакөзқарасы сәйкес келмейтін қаламгерлер саяси қудалауға ұшырады, жазаланды.Шығармашылықтағы ұстанымы арқылы билікке ашық қарсылық танытқан ұлы талантиелері, Мағжан Жұмабаевтың қайғылы тағдыры Совет өкіметінің тар партиялықмүддені шынайы рухани құндылықтан жоғары қойғанының нақты көрінісі болды.

Ұлт-азаттық идеясын шығармашылығының өзекті арқауынаайналдырған қазақ қаламгерлері Алаш қозғалысының жеңіліске ұшырауын жеке басыныңтрагедиясындай қабылдады. Ендігі жағдайда қазақ ақын-жазушылары бұрынғыдай «елім»,«жерім» деп еркін айта алмайтындай күйге ұшырады. Осы жағдайды басынан өткізгенАхмет Байтұрсынұлы 1922 жылы «Қазақтың көрген қорлығын, зорлығын айтатын адамболса, ауызға қағып сөйлетпейтін болды. Қазақ өзгеріс үшін құрбан болса, несіқұрайды деуші болса, арқаға қағып, дұрыс пікір осы дейді. Солай болып тұрғанда,қазақтың жұртшыл, ұлтшыл, бауырмал қалам қайраткерлері қалайша белсеніп, қаламқайратына кіріспек? Қалайша қаламды қолға алуға көңіл шауып, ықыласы түспек?» депжазды.

Басқаша айтқанда, Совет өкіметінің алғашқы жылдары солуақытқа дейін белсенділік танытып келген ұлт қаламгерлерінің шығармашылығындаіркіліс, ал қайсыбіреулерінде дағдарыстық көңіл күй үстем алды. Мәселен, Мағжанақын Алаш қозғалысының жеңілісін сөнген үмітке, ұзап бара жатқан сағымғатеңеді. Ақын осы жылдары:

«Қырға шықсаң,

Тілім ұқсаң, жел жылар.

Жер жыламас,

Жел жыламас, ел жылар.

Күні батып

                                                Қайғыбатып, ел жылар», – деп күңіренді. Ақын Қазақстанға да жеткен Ресейимпериясындағы 1917 жылғы Қазан революциясын «Өз тарихымыз тудырған, өзтарихымыздың қатынасы болған таныс төңкеріс емес, Еуропа тарихы тудырған жаттөңкеріс» деп бағалады.

Жалпы, революциядан кейінгі, шамамен, онжылдықта қазақзиялылары өз пікірлері мен ұстанымдарын ашық және батыл білдірулеріменерекшеленді. Мұндай жағдай олардың, біріншіден, тұлғалық ірілігіне байланыстыболса, екіншіден, әлі де болса советтік идеологиялық аппараттың зорлығына сынақоймағаны еді. Ал бұл буында артындағы жұртының атынан айтылуға тиіс ойлар ментұжырымдар аз емес-тін.

Ұлы талант иесі Мағжан ақын 10 жылдан астам уақытқасозылған абақты азабы мен рухани дағдарыстан соң, 1937 жылы 21 мамырда ҚазақССР үкіметінің төрағасы О.Исаевқа ашық хат жолдайды.  Бұл құжат уақыт куәсі. Оған жеңіл-желпі,үстірт түсінік беру қателікке ұрындырады. Басқаша айтқанда, қатыгез жүйеорнатқан атмосфераға бір сәтке болса да үңіліп, төңірегінен аласұрып әділетіздеп, оны таба алмай, аһ ұрған ақынның шарасыз күйін ой елегінен өткізуге туракеледі.

Ақынның үкіметке жолдаған хаты – бұл советтік саясижүйеге шығарылған үкім. Өйткені жарық дүниедегі бақытты адам – ол өмірін өзіқалаған еңбекте өткізіп, қанағат тапқан еркін адам. Мағжан ақынға мұндай өмірбұйырмады. Алла оған молынан ақыл және талант берді. Бұл сыйды ол еліне қызметету мүмкіндігі ретінде қабылдады.  Осыретте ақынның қолындағы қаламын тартып алып, оны кісенмен ауыстырған советтікжүйе қандай бағаға лайық? Ақынның қолына кісен салған билік оның халқынабостандық береді дегенге сену, әрине, қиын.

Сонымен, Мағжан ақынның Қазақ үкіметі аталатын билікорнына 1937 жылы 21 мамырда жазған хатының тарихына қысқа болса да тоқталайық.Мұндай тақырыпқа мәліметті ақынның 1938 жылдың 6 қаңтары деп белгі қойып,тергеушіге өз қолымен жазып берген жауабынан аз да болса тапқандай боламыз.Рухани күйзелістегі ақын іштегі шемен болып жиналып қалған шерлі ойын там-тұмдапболса да, тергеуге алған жауына жан алғыш әзірейілдей екенін біле тұра, мүмкін,түсінер деген үмітпен жеткізеді. Көрсетуін «глубоко убежден, что обвинение подобающеучтет мою полную чистосердечность» деген сөйлеммен аяқтайды. Айыптаушы жақақынның ақтарыла баяндаған ішкі шерін қалай қабылдады? Ол жөнінде сәл кейін.

Осы арада ақынның тергеушіге берген түсінігіне байланыстымынадай жағдайды ескеруге тура келеді. Түсінік мәтінінің арасына тергеушітарапынан енгізілген фактілер мен ойлар бар. Олар, негізінен, қазақ зиялыларыарасындағы «антисоветтік ұлтшылдық шпиондық ұйымның» бар екені, ақынның осы «ұйымның»құрамындағы қызметі туралы. НКВД тергеушілері осы жылдары тұтқынды ұрып-соғыпазаптау арқылы, біріншіден, оның өмірі мен қызметіне, көзқарасына қатыстыфактілер алып, екіншіден, тұтқын баяндаған шынайы фактілердің арасына қоғамдағы«антисоветтік, ұлтшылдық» қызметті «көрсететін» фактілер мен тұжырымдарды өзтарапынан қосып, құжат жасап, оны тұтқынның қолымен растаған.

Осы берген түсініктемесінде Мағжан ақын: «Өз өмірімдебасымнан өткен суық фактілер көзімді мынаған жеткізді: адам жанын түбегейліөзгерту үшін оны қамауға алып, үстінен үкім шығарудың қажеті жоқ, қажетіадамдардың арасында бейбіт еңбек пен тәртіпке сүйенген өзара саналы түсіністіктуғызу болмақ. Әрине, менің бұл лирикалық шегінісімнің көрсетуіме қатысы да жоқшығар, дегенмен ол мені және менің бұдан кейінгі өмірлік жолымды тура түсінугеқажет кілт есебінде, егер тағдыр, әрине, ол жолды жалғастыруға мүмкіндік беріпжатса», – деп жазды.

Ақын осы көрсетуінде 1931 жылдан бері жеті жыл бойыСоловецкі және Сібір лагерьлерінде жүріп, өзінің өткен өмір жолына толықселқостық қалыптасқанын, соған байланысты Қазақстаннан ешкіммен хат алыспағанын,олармен саналы түрде байланысын үзгенін, тек әйелі Зылиханы ғана Ленинградоблысына келіп тұруын өтінгенін, бұл өтінішін зайыбы қош көріп, өзі қамауданбосанып шыққанша Ленинградта, Ленинград түбінде бір өзі орыс отбасыларындатұрғанын баяндайды. Зылихаға мәлімет алуға қазақтардан анда-санда Тілинститутының аспиранты Әлкей Марғұлановтың ғана келгенін жазды.

Бұрынғы жолдастарынан тек Ә.Бөкейхановтың ғана бірнешеоткрытка жолдап, жылы сөздерімен қолдау көрсеткенін, бірақ өзінің лагерьжағдайында оған жауап жаза алмағанын, әйелінің Мәскеуде Е.П.Пешковаменкездесуге барғанда Ә.Бөкейханов екі мәрте жолыққаны туралы мәлімет береді. Бұлфактілердің, әрине, тергеушінің талабы бойынша баяндалғанын түсінуге болады.

Шамамен 1934 жылы Мағжан Мәскеуде қызыл профессураинститутында оқуда жүрген С.Мұқановтан хат алады. Ол  жөнінде ақын  «1934 жылы (ұмытпасам) Мәскеудегі Сәбит Мұқановтан хат алдым. Ол хатындаменің шығармашылығымды қазақ буржуазиялық поэзиясының шыңы ретінде атап, абақтымерзімі аяқталған соң, Қазақстанға келуді ұсынды. Менің осында (Алматыны айтыпотыр – авт.) келуімнің бір себебі де осыған байланысты еді…  Оның хаты мені таңғалдырды. Хатқа жауап бергенжоқпын. Бұл кезде іштей ұстанымымды анықтау жұмысы жүріп жатты», – депкөрсетеді.

Осы арада кеше ғана «Алқа» ұйымын құрмақшы болып, оныңбағдарламасын жазған ақынға өзін  қазақәдебиетінде социалистік реализм ағымын орнықтырушы ретінде танытқан СәбитМұқановтың хатынан қысқа ғана үзінді келтіруге тура келеді. «… Егер мен алғанадрес тура болса, сіз менің хатымды аласыз, – деп жазады ол хатында. – Бірқарағанда ол сізге оғаштау болып көрінуі мүмкін. Бұл толық  табиғи нәрсе, өйткені біз мүддесі мүлдемқарсы екі таптың өкілдеріміз. Дегенмен мен сізді қазіргі жағдайыңызғабайланысты табалаудан аулақпын. Біздің өкіметтің жазалау саясатының жеке адамдықанау мақсаты жоқ, керісінше, оны еңбек үстінде түзелуге көмектеседі».

С.Мұқановтан келген хатқа байланысты Мағжан ақынның «оныңхаты мені таңғалдырды» деген сөзіне назар аударған жөн. Мәселе мынада: лагерьдеқамақта жүрген адамға конвертке салынған хаттың жетуі өте сирек кездесетінжағдай. Хат-хабар алысу тек ашық открытка түрінде ғана жүргізілген. Мағжанақынның «хатқа жауап берген жоқпын» деген сөзінің астарында жатқан себептіңбірі – осы. Бұл – бір. Екіншіден, С.Мұқановтың хатында кеше ғана Омбыда ағалы-ініліболып жүрген кісілердің енді бүгін «мүддесі мүлдем қарсы екі таптың өкілі»болып шыға келгені, әрине, Мағжан ақынға жеңіл тимегенін түсінуге болады.Үшіншіден, хат иесінің «өкіметтің жазалау саясатының мақсаты» «жаңылыс» басқанақынды еңбекпен түзету екенін қадап айтуы, әрине, оғаш шыққан сөз ғана емес,нағыз табалаудың өзіндей оқылатыны анық.

С.Мұқановтың қызыл профессура институтында білім алыпжүргені хаттағы мына пікірінен де байқалады: «Сіз, әрине, сөзсіз, біздің заманымыздыңұлы сөз зергерлерінің бірісіз. Қазақтың жазба әдебиетінің әзірге шығармашылығыарқылы бүтін бір дәуір жасаған үш ірі ақындары мен жазушылары бар, олар: Абай –феодалдық әдебиеттің шыңы, сіз – буржуазиялық әдебиеттің шыңы, Сәкен – советтікәдебиеттің шыңы. Біздегі сын бұл жағдайды бірнеше мәрте қайталаған».

С.Мұқанов хатында Мағжан ақынды дұрыс жолға, яғни «пролетарлықмәдениет» жолына түсуге шақырып, «Мәселен, сіздің кешегі пікірлес серігіңіз МұхтарӘуезов бүгін өз қателігін мойындап, советтік жолға түсіп, коммунистжазушыларымен бірдей партия мен үкіметтің қолдауын пайдаланып отыр» деген ойынжеткізіп, хатын «Сіздің поэтикалық қаламыңыз ендігі уақытта кімге қызмет етуітиіс?» деген сұраумен аяқтайды.  

Мағжан ақын 1936 жылдың маусымының соңғы күндері лагерьденазаттыққа шыққан бетте өзі мен әйелінің туған жері Петропавлскіге келеді. Ақынкөрсетуінде «Туыстарының ешқайсысы отырған қоныстарында болмай шықты, бәрі де пана іздеп көшіп кетіпті», –деп жазды. Көшеде кезіккен ескі таныстарының сөйлесуден қашқақтағанын, әзердегенде мұғалімдер курсына жұмысқа тұрып, курстан соң, күнкөріске қаржы табужолына түскенін айтады.

Сөйтіп жүргенде, 1936 жылдың қыркүйегінде ПетропавловскігеС.Мұқанов келіп, ақынмен оның ендігі тағдыры туралы «күмәнді жылы» сөйлесіп,Алматыға қоныс аударуға ұсыныс жасайды. Бірақ Мағжан жары Зылиханың сырқаттаныпқалуына байланысты бірден Алматыға аттанып кете алмайды.

Ақын 1937 жылы 20 ақпанда С.Мұқановқа жазған хатындақаңтардың соңында орыс мектебіндегі оқытушылық қызметінен саяси себеппен шығып  қалғанын хабарлап, ендігі үміті туралымынадай ойын білдіреді: «Мен Қазақстанға жаңа жолға түскенімді өзімнің қаламұшыммен көрсетсем деген жалғыз тілекпен оралдым. Қалай болғанда да орталыққажетуім керек деп шештім. Егер жолға қаражат тапсам, орталыққа баруды ойлапотырмын. Әрине, өз халімнің мүшкілдігін айта отырып, сізді де бірдемегеміндеттегім келмейді. Сізге осылай жазуға қазіргі халім итермелеп отыр.Кешіріңіз...»

Ақын жарымен бірге Алматыға 1937 жылы сәуірдің соңғыкүндері жетіп, келген бетте күнкөріске қажет табыс табу үшін жұмыс іздеугекіріседі. Алматыға келген соң, «Араға үш күн салып, ең болмаса, әйтеуір, біржұмыс сұрап алуға Сәкен Сейфуллинге бардым, – деп көрсетеді ол бергентүсініктемесінде. – Ол мені салқын қабылдаған жоқ, сондай-ақ жылы ықылас татанытпады. Әйтеуір, бір сақтық және шарасыздық күйде отырғаны байқалып тұрды.Ол «әзірге тек сенің жұмысың туралы ғана сөйлесейік, Сәбит (Мұқанов) оныжайғастыратын болады» деді».

Араға бірнеше күн салып, С.Мұқанов Мағжан ақынды жұмысқа орналастырғандай болады. Өкінішкеқарай, бұл жұмыс та оның ауыр қаржылық жағдайын оңалтуға жетімсіз еді. Қоғамдаүрей туғызған репрессиялық шаралар күн өткен сайын күш алып келе жатты.

Міне, осындай саяси қыспақ пен күнкөріс үшін арпалыстажүрген ақын 1937 жылы 21 мамырда Қазақ ССР үкіметінің төрағасы О.Исаевқа ашықхат жазып, тәлкекке  түскен тағдырынаараша түсуін өтінеді.

Үкімет басшысына жазылған бұл хатты соншалықты ерекшеқұжат ретінде тану да тура болмас еді. Өйткені өкімет тарапынан жәнетұлғалардың тұлғалық қасиетін мақсатты түрде сындырудың нәтижесінде өміргекелген мұндай құжаттар бұл кезеңде аз болған жоқ-тын. Дегенмен зерттеуші үшінбұл хаттың өзіндік орны бар, яғни ол Мағжан ақын сияқты шығармашылықтағы ірітұлғаның өмір жолындағы бетбұрыстарға тереңдеу арқылы жалпы қоғамның руханиөміріндегі өзгерістерді бағамдауға жол ашатын құжат. Мәселе мынада: Мағжан іріталант иесі ретінде ұлттың ортағасырлық ұйқыдан оянып, жаңа өмірге, азаттыққаұмтылыс жасаған сәтінде шығармашылыққа келіп, елінің сезіміне сүйеніш болып,қанат беріп, алға бастады. Шығармашылықтағы ірі талантқа тән тағы да бір мынадайқасиет бар: ірі таланттың шығармашылығы елінің күнделікті өмірімен ілгеріұмтылыстарымен бітісіп кетеді. Соған байланысты ірі шығармашылық иесі менбиліктің арақатынасы соңғысының қоғамдық құндылықтарға деген ұстанымының айнасыіспеттес. Осы қатынасты пайымдау арқылы шығармашылық иесі өзінің қызметінде,біріншіден, қоғам өмірінің өзекті мәселелерін қаншалықты тура шағылдыра алғанынбілуге болса, екіншіден, елді басқарып отырған өкімет сол мәселелерді шешугеқаншалықты ықылас танытып отырғанын анықтауға мүмкіндік туады.

Мағжан ақын және басқа ұлт қаламгерлерінің өмірімысалында біз олардың шығармашылығы қазақ шындығын дәл де терең ашып көрсетеалғанына көз жеткізсек, өткен ғасырдың 20-30 жылдарындағы Совет өкіметі туралыондай тұжырымға келу қиын. Екі жақтың мүддесі қазақ ұлтының болашағы мәселесінекелгенде өзара қабыспайтынын анық байқатты. Осы қарсыласу барысында алаштықбуынның басына түскен тауқымет көп ұзамай-ақ Алаш жұртының да басына түсетінтрагедия болғанын кейінгі советтік тарих көрсетіп берді.

Енді хатқа келейік. Хат қазақ өкіметінің басшысына орыстілінде жазылды. Неге? Бұл арада өкіметтің ісқағаздарының басым түрде орыстілінде жүргізілгенін аңғару, әрине, қиын емес. Яғни өкімет қазақ өкіметіаталғанымен, оның заты орталықтың құзырында еді, басқаша айтқанда, ол шынайықазақ мүддесін қорғаудан алыс тұрған билік орны болатын. Бұл арадан байқалатыны«Совет өкіметі қазақ үшін!» деген ұран жамылғы нәрсе болғаны, ал шын мәнінде«Қазақ совет өкіметі үшін» деген формула сол кездегі шынайы өмірге үйлесімдіеді. Бұл – бір. Екіншіден, бұл тұжырым тарихи шындыққа қайшы келмейді. Мағжансияқты қазақ зиялысының қазақ өкіметінің басшысымен орыс тілінде хат алысуы «Үйөзімдікі деме, үй сыртында кісі бар» деген қазақ мәтелінің дәлдігінің және оныңөмірлік тәжірибеден алынғанының айғағы еді. Яғни Мұстафа Шоқайдың Орта Азияелдеріне байланысты компартия орнатқан өкіметті қуыршақ өкімет ретінде бағалағанышындықтан алыс емес-тін.

Хат авторының негізгі тұжырымы алаштық ұлтшылдықтан бастартып, социалистік құрылысқа араласуға бет бұрғанын мәлімдеу екенін ескертіп,бұл арада құжаттан үзінді келтірумен шектелуді жөн көрдік. «Открыто,чистосердечно и с бесповоротной твердостью заявляю, – деп жазды Мағжан ақын, – об этом Вам, главе Правительства, Правительству социалистическогоКазахстана и строящему счастливую жизнь всему казахскому народу и с даннымписьмом обращаюсь к Вам и прошу о предоставлении мне возможности показать идоказать свое бесповоротное перерождение, окончательную перековку, своюпреданность социалистической Родине на деле, на творческой работе, в частности,на литературной творческой работе дав мне возможность доказать, что служившеедолго и преступно реакции и казахской контрреволюции мое перо, после перековки,после перевоспитания меня советской трудовой политикой, будет честно, преданнои надеюсь, плодотворно служить социалистической Родине».

Хатының аяғында ақын соңғы уақытта жазған үш өлеңінтіркегенін айтады. Олардың қандай шығармалар болғаны бізге беймәлім.

Өз ретінде, әрине, ақынның үкімет басшысына жолдаған бұлхатынан белгілі бір нәтиже шықты ма деген сұраудың туары хақ. Хаттан ақынныңазаптағы өміріне өзгеріс әкелетіндей нәтиже болды деп айтуға, өкінішке қарай,негіз жоқ. 1937 жылдың 30 желтоқсан күні Мағжан Жұмабаев Қазақстандағы НКВДтарапынан кезекті рет қамауға алынды. Бұл тұтқыннан ол қайтып оралған жоқ.

Мәмбет ҚОЙГЕЛДИЕВ,

академик

Тегтер: