18:40, 02 Қаңтар 2019
Африкада жылдың үздік футболшылары анықталды
Африка футбол конфедерациясы (CAF) құрлық бойынша жылдың үздік ойыншысын анықтауға жақын.
Конфедерация бұл атақты алуға негізгі үш үміткерді атады. Sports.ru сайтының хабарлауынша, дауыс беру арқылы финалға жеткен үш ойыншының бірі – «Арсенал» командасының шабуылшысы Пьер-Эмерик Обамеянг және «Ливерпульдің» қос ойыншсысы Мұхамед Салах пен Садьо Мане. Габондық жеңе ме, Египет пен Сенегалдан шыққан қос ливерпульдіктің біреуінің бағы жана ма, 8 қаңтар күні белгілі болады.Бір қызығы, былтыр да (2017) дәл осы үштік финалға шығып, Мұхамед Салах жыл футболшысы атанған. Ал Мане екінші, Обамеянг үшінші орынға жайғасқан. Обамеянг биыл бесінші мәрте үздік үштікке кіріп отыр. Мұндай рекордты бұған дейін ивуарлық Яя Туре ғана жасаған. Сәйкесінше, Мане үшінші мәрте, Салах екінші мәрте финалға шықты.4 мәрте құрлықтың үздігі атанған камерундік Самюель Это’О мен ивуарлық Яя Туренің рекордтары жақын арада жаңара қоймайтын сияқты. Өйткені, аталған үштіктің ішінен тек Салах (2017) пен Обамеянг (2015) қана қана үздік футболшы атанған.Жеңімпаздарды марапаттау 2019 жылдың 8-қаңтарында Сенегал астанасы Дакар қаласында өтпек. ВВС-дің нұсқасы бойынша Салахтың Африка бойынша 2018 жылдың үздік футболшысы атанып қойғанын да айта кету керек.Фото: eurosport.ru