Ахмет Байтұрсынұлының советтік биліктен неге көңілі қалды?

(Жалғасы.Басы өткен санда)
Большевиктерорнатқан диктатуралық билікке күмәндана қарау алғашқы эйфория өткен соң,зиялылар қауымының үлкен бөлігіне тән құбылыс болды.
Бұл жағдайды байқаған В.И.Ленинбольшевиктер билігіне мойынсынғысы келмеген зиялыларды шетелге жер аударутуралы шешім қабылдайды. Өзінің бұл ойын ол сондай-ақ Ф.Э.Дзержинский мен И.В.Сталингеде білдіреді.
Өзара қабысабермейтін екіұдай пікірдің партия қатарына кіруге арыз берген А.Байтұрсынұлыныңда мазасын алғанын аңғаруға болады. Бір жағынан, оған үкімет басшысы В.И.Ленинмен орталық билік орындарының қазақ сияқты отарлық езгіде болып келген халыққакөмек қолын созуға даяр екені байқалғандай көрінді. Сонымен бірге, екіншіжақтан, орталық үкіметтің шешімдері мен нақты әрекеттерінде бұл ойды жоққашығаратындай фактілер де аз емес-тін.
Жалпы, бұл мезгілдегі орталық биліктіңұлт саясатында түсініксіз жағдайлар мен қайшылықты көріністер жеткілікті еді.Орталық үкімет жанынан құрылған Ұлт істері жөніндегі комиссариатты И.Сталинбасқарды. Ол В.И.Ленин басқарған үкіметтегі ұлтаралық қатынастар бойыншанегізгі маман саналынды. Ал И.Сталиннің, мәселен, қазақ және басқа Орта Азияхалықтары туралы түсінігі өте қарабайыр деңгейде еді.
Бұл мәселеге байланысты ол В.И.Лениннің көңілкүйін жақсы біле отырып, кез келген мәселеде таптық көзқарасты алға шығарып,ұлттар өміріне қатысты істерді кейінге ығыстыруды ұмытпады. Ұлт істері жөніндегікомиссарға ұлт мәселесі күш алған өрттей көрініп, оны мүмкін болғанша тезірексөндіру жолдарын қарастырып, өзі қажет санаған сәттерде әкімшілік әдістергебарып отырды. Комиссариаттың бұл жұмыс ерекшеліктерін дәл байқаған Заки Валидов«Орталық комитетте шығыс халықтары өміріне қатысты қажет құжаттар даярлату үшінМәскеуге шығыс ұлттары арасынан совет азаматтары жеткізілетін» деп жазды. Бұлойын ұштай түсіп, ол Ресей құрамындағы халықтардың қордаланып қалғанмәселелерін шешу туралы мәселе көтергеннен гөрі «Ресей коммунистік партиясы меналыстағы Азия және Африка елдеріндегі халықтарды құтқару туралы сөйлесужеңілірек еді» деген пікірі арқылы орталық билікте қалыптасқан жағдайды туражеткізуге тырысқаны байқалады.
Мынадай фактіге көңіл аударуға туракеледі. Жоғарыда айтылғандай, Совет өкіметі жанынан Ұлт істері жөніндегікомиссариат құрылып, оның 18 секциясының бірі «Қырғыз секциясы» аталды. Оғанжетекшілікке Қазақстаннан Мұхамедиар Тұнғачин шақырылды. Басқа емес, М.Тұнғачинніңшақырылуы, әрине, кездейсоқ оқиға емес-тін.
Ал осы Тұнғачин кім және ол қандай жағдайдасоветтік билік орындарына қызметке тартылған еді? Дерек көздерінің көрсетуінеқарағанда, Ұлт істері жөніндегі комиссар И.Сталин советтік биліктің алғашқыкүнінен бастап-ақ оған белсенді түрде қарсы тұрған қазақ ұлт-азаттыққозғалысының басшылары туралы біраз мәлімет жинастырғаны байқалады. Бұл істеоған ескі патшалық құпия полицияның қызметкерлері мен олар берген мәліметтеркөмекке келгені хақ. Мәселен, 1917 жылғы революциялық өзгерістерге дейін қазаққоғамындағы азаттық қозғалысқа ешқандай да қатынасы жоқ, тіптен оның жетекшітұлғаларымен араздықта болған Әліби Жангелдиннің Торғай облысынаӘ.Бөкейхановтың орнына комиссарлық қызметке бекітілуі соның көрнісі еді.И.Сталин ашықтан-ашық жаңа орныға бастаған билік жүйесіне соған дейінгі азаттыққозғалысқа қарсы әрекетімен көзге түскен тұлғаларды тартуға көшті. Осы кезеңненбастап ол советтік биліктің қазақ азаттық қозғалысына қатысты жағымсыз да ласұстанымын қалыптастыру жолына түсті.
Өз кезегінде Ә.Жангелдин Торғайдан өзініңкомиссарлық қызметке кіріскені туралы И.Сталинге хабарлап, осы хабарында өзінекөмекшілік қызметке М.Тұнғачинді алғанын мәлімдейді. Ізін ала, яғни 1918 жылыМәскеуде Ұлт істері жөніндегі халық комиссариаты жанынан «Қырғыз секциясын»құру туралы шешім қабылданғанда бұл секцияның меңгерушісі қызметінеМ.Тұнғачинді ұсынады. Арадағы архив деректеріне қарағанда, ол 1905 жылы Қазанқаласындағы мұғалімдер семинариясын бітірген соң, ұзақ жылдар бойы (1917 жылғыөзгерістерге дейін) Орынбор қаласындағы генерал-губернатор кеңсесі жанындағытатар және қазақ басылымдарының цензоры қызметін атқарған. Цензордың міндетіжоғарғы билік орындарына (ең алдымен генерал-губернатор мен ішкі істер министрлігіне– авт.) татар және қазақтілді басылымдарда билікке қарсы ұстанымда жарық көргенматериалдар туралы мәлімет жеткізіп тұру болған. Яғни оның атқаратын міндетітабиғи ерекшелігі тұрғысынан құпия позицияның қызметіне жақын тұрды.
1917 жылы патшалық билік құлаған соң, 1-2 сәуір күндеріОрынбор қаласында болып өткен Қазақстанның съезінде оған Торғай облысынан қатысуғакелген М.Тұнғачиннің облыс губернаторы Эверсманмен бірге залдан кетірілуі оныңосы құпия қызметіне берілген баға еді.
Қорыта айтқанда, әлгінде ғана орнаған советтік биліктіңӘ.Жангелдин мен М.Тұнғачинді өзіне тартып, оларға сенім артуы қазақ ұлт-азаттыққозғалысы басшыларын терең ойда қалдырған еді. Ендігі уақытта советтікбасшылықтың қазақ даласына байланысты бұл ұстанымының астарын тура түсіну,азаттық қозғалыстың бағыт-бағдарын анықтау аса маңызды болды. А.БайтұрсынұлыныңМәскеуге жаңа билік басшыларымен кездесуге аттануының бірден-бір себебі осыжағдайға байланысты еді.
Совет өкіметінің қазақ ұлт азаттық қозғалысына қатынасы 1919жылы 10 шілдеде РСФСР ХКК декретімен құрылған Қазақ революциялық комитетініңқұрамынан да анық байқалды. Оның төрағасы болып С.С.Пестковский бекітілді. ОлВ.И.Лениннің сенімді адамдарының бірі болатын. Ал бірақ соған дейін қазақжеріне аяғы тиемеген, қазақ қоғамын тек картадан көрген, оның өмірінен мүлдемхабарсыз адам-тын. Ал қалған алтаудың үшеуінің (Ә.Жангелдин, М.Тұнғачин,Б.Қаратаев) қазақ азаттық қозғалысына ешқандай да қатынасы жоқ, тіптен белгілідәрежеде оған қарсы әрекеттерімен танылған адамдар-тын.
Осы ретте ревком мүшесі Бақытжан Бисалыұлы Қаратаев туралыбір-екі ауыз сөз айтайық. Патшалық кезеңде патшашыл, советтік кезең келгенде«мен өмір бойы жасырын большевик болып жүрдім» деген Б.Қаратаев та сын сәттердеөзінің ұлт мүддесінен алыс тұрғанын танытып жүргендердің бірі болатын-ды.
Осы аталған тұлғаларға байланысты кезінде М.Шоқай: «Бұл тағайындауларСовет өкіметінің Қазақ елін басқару ісінде алған саяси бағытына байланысты тымкөп нәрсені аңғартатын еді… Ендігі уақытта иллюзияға орын қалған жоқ-тын», –деп жазды. Басқаша айтқанда, советтік орталық осы аталған тұлғаларға сүйенеотырып қазақ азаттық қозғалысын тезірек басып тастауға тырысты.
Большевиктікбасшылықтың бұл саяси ұстанымы, әрине, оның, жалпы, Қазақ еліне қатысты ұстанымыныңжинақы көрінісі еді. В.И.Ленин мен оның серіктері үшін бірінші кезекте тұрғаннәрсе өздері пролетариат диктатурасы атаған билікті аман алып қалу болды. Ал империяның алыс түкпіріндегі, өздерінебейтаныс қазақ азаттық қозғалысы олар үшін тіптен Польша немесе Финляндиямәселесі де емес, сондай-ақ «оқшау және дербес мәнге ие» де мәселе емес, яғнибар болғаны «пролетарлық революция туралы мәселенің бөлігі» ғана еді.
Анығырақ айтқанда, большевизмнің теориялық негізінқалаушылар Ресей империясындағы ұлт-азаттық қозғалыстарды метрополиядағыреволюциялық процестің бөлігі, оған тәуелді резервтік күш ретінде бағалады. Соған байланысты Совет өкіметінің ұлтмәселесіне қатысты Ресей халықтарының құқы туралы декларациядан басқабағдарламалық құжаты да жоқ-тын. Үкімет басшысы В.И.Лениннің 1920 жылы IIIКоммунистік интернационалдың II съезіне даярлық барысында жазған«Первоначальный набросок тезисов по национальному и колониальному вопросам» депаталатын еңбегі осы жағдайдың көрінісі еді. Революция көсемі бұл тезистерінпартия және совет қайраткерлеріне таратып, олардан мәселеге қатысты пікірбілдірулерін өтінді.
Түркістандық қайраткерлермен бірге бұл сұранысқа жауапжазудың өзектілігін Ахаң да тура түсініп, бір жауапқа басқа да тұлғаларменбірге қол қойып, ал екіншісін жеке өз атынан жолдады.
Совет басшысына өз атынан жазған хатында ол, біріншіден,қазақ өлкесінде жаңа билік жүйесін құруға жіберілген орталықтың өкіліндебелгілі бір ұстанымының жоқтығын, өйткені ондай ұстаным орталық биліктің өзіндежоқ екенін, екіншіден, соған байланысты орталық биліктің өкілдері менжергілікті халықтың арасында өзара сенімнің болмай тұрғанын, жергілікті халықжаңа орнаған билікті ескі орыс билігі есебінде қабылдап отырғанын, ал ескібилік пен қазақ арасында ешқашан да өзара сенім болмағанын жазды. Олай болса, неістеу керек?
Бұл сауалға Ахаң «қазақтарда елдің сеніміне ие болғанзиялылар тобы бар, олардың қателесуі немесе адасуы мүмкін, ал бірақ олар жекебас мүддесі және пайдасы үшін өз халқын саналы түрде ешқашан да сатпайды» дегенжауабын айтты. Басқаша айтқанда, бұл қазақ жеріндегі билікті сол елдің соғандейінгі патшалық билікпен ұлт-азаттық күресін бастап келген ұлттық зиялылартобына беруді талап етудің өзі еді. В.И.Лениннің ұлттардың өздерін-өзі билеуітуралы айтқан пікіріне Ахаңның жауап ретіндегі ұсынысы осы еді.
Хатта айтылған екінші пікірі мынадай болатын: осы уақытқадейін батыс елдеріндегі капиталистік, рыноктық қатынастардың күш алуына шикізаткөзі және арзан жұмыс күші орнында қызмет жасап келген шығысқа ендігі уақыттаЕуропадағы революцияны жасауға және оны күшейте түсу үшін пайдалануға болатынтәуелді тобыр ретінде қарауға болмайды, яғни ұлт-азаттық қозғалыстарға әлемдікпролетарлық революцияның қосымша күш қоры (резерві) ретінде қарау қателік,Коммунистік интернационал ұлт-азаттық қозғалыстарды дербес мәнге ие күш ретіндемойындауға тиіс.
Қазақ ұлт-азаттық қозғалысы басшыларының атынанА.Байтұрсынұлының қойған бұл талаптарына Совет өкіметінің басшысы жауап бердіме? Өкінішке қарай, бермеді, бере де алмайтын еді. Өйткені екі жақтың мүдделеріөзара тым алшақ еді. В.И.Ленин және советтік басшылық үшін пролетариатдиктатурасы мен Ресейдің мемлекеттік мүддесі басқа мүдделерден жоғары тұрды.
Жаңа билік басшыларының бұл ұстанымыолардың алғашқы қадамынан-ақ анық байқалған болатын. Бүкіл империя көлеміндегікүрделі қоғамдық өмірді бір ғана тапаралық күрес тұрғысынан ғана түсіндіріп,кез келген мәселені шешуге келгенде осы ұстанымға басымдық берген большевиктікөкіметтің 1917 жылы ұлттық басшылықтың жігерлі де батыл қызметінің нәтижесіретінде өмірге келіп, ұлттық мемлекеттілікті жаңғырту ісімен аяқталуға тиісболған қазақ комитеттерін советтерге, Алаш партиясын большевиктер партиясына, алАлашорда өкіметін Кеңес өкіметіне балама құрылымдар ретінде қарастырмай,ешқандай да өзара түсінісуге, ымыраға бармастан, оларды «буржуазиялық құрылымдар»ретінде жою жолына түскені ұлтты өзін-өзі басқару мүмкіндігінен айырып, оныжаңа өкіметке тәуелді етудің, ал азаттық қозғалыс басшылығының еңбегі менұстанымын жоққа шығарудың, басқаша айтқанда, ұлыдержавалық ұстанымның көрінісіеді.
Сонымен, ұлттыңпатшалық кезінде басталған азаттық үшін күресі осындай нәтижелермен аяқталды.Ал бұл күрестің қорытындысын шығарған патша өкіметі емес-тін. Жаңа өкімет, яғниСовет өкіметі болды. Сол арқылы ол өзінің бет-бейнесін танытты.
1923 жылғы Мәскеудегі Кеңестер Одағындағы елдердің Кіндікбаспасынан А.Байтұрсынұлы мен Ә.Бөкейхановтың даярлауымен жарық көрген «23жоқтау» аталатын кітаптың ең алғашқы бетіндегі Шәңгерей ақынның «Сыршы» аттыжоқтауындағы мына жолдар ұлттық басшылықтың осы басыңқы көңіл күйін білдіретінеді:
«Құйрық атып құлиа,
Түлкідей қашқан жымиа,
Қараңды үзіп барасың
Бізден де қайран дүниа».
Ресейлікреволюцияға деген мұндай көзқарас осы кезеңдегі алаштық зиялылардың бәрінебірдей ортақ көзқарас еді. А.Байтұрсынұлы, мәселен, өзін большевиктер партиясықатарынан шығарған губерниялық партия комитетіне жолдаған мәлімдемесінде«көптеген утопистердің экономикалық жобаларының практикада сәтсіз аяқталуыолардың мағынасыз болғандығынан емес, заман сұранысына сәйкес келмегендігінен,яғни адам ақылынан өзіне жетерлік құнар таба алмағандығынан» деп көрсетіп, бұлпікірін «коммунизм идеясы қазақтар үшін, жалпы қараңғы тобыр үшін, Гейнеайтқандай, «жат қонақ» іспеттес» екенін, яғни бұл идеяны қабылдауға қазаққоғамы даяр емес деген тұжырымын анық білдіреді.
Жалпы, революциядан кейінгі, шамамен онжылдықта қазақзиялылары өз пікірлері мен ұстанымдарын ашық және батыл білдірулеріменерекшеленді. Мұндай жағдай олардың, біріншіден, тұлғалық ірілігіне байланыстыболса, екіншіден, әлі де болса советтік идеологиялық аппараттың зорлығына сынақоймағаны еді. Ал бұл буынның артындағы жұртының атынан айтылуға тиіс ойларымен тұжырымдары аз емес-тін. Сондай тұжырымдардың бірін Ахаң 1929 жылы МәскеудегіБутырка түрмесінде жатып білдірді. «Я считаю, – деп көрсетті ол 1929 ж. 25 желтоқсанда тергеуші Павловқа берген жауабында, – что современная политика власти в отношении к Казахстануне ведет к подъему его хозяйственной мощи, т.к. во первых, казахи не привыкли кстоль высоким налогам с одной стороны, с другой перераспределение земучастковотчасти устраивает бедноту, но не устраивает, не обеспечивает рост середнячества.Исправить это может, т.е. может стимулировать укрепление хозяйств казахов – уменьшение налога, обеспечение землей середнячства, ит.д.»
А.Байтұрсынұлы тарапынан айтылған бұл пікір қазақ қоғамыныңөмірін іштей терең білетін және оған жаны ашитын тұлғаның пікірі еді. Сондай-ақбұл айтылған пікірде кішкентай да қателік жоқ-тын. Қайраткердің бұл жасағантұжырымының дәлдігін араға бар болғаны 2-3 жыл салып жеткен аштық көрсетіпберді.
Қайраткердің қазақ жерінде орнаған советтік биліктің отарлықсипатына байланысты жасаған тұжырымы да шындықтан алыс емес-тін. Алашқайраткерлерін тергеу ісінде ерекше көзге түскен Г.Н.Саенко 1929 жылы куәгерретінде Қазақ халық ағарту институтында (КИНО) оқыған Әбдірахимов Ерғазыдан осыоқу орнында болған А.Байтұрсынұлы туралы көрсету алады. Бұрынғы студент оқытушылыққызметте көрсетуінде мынадай мәлімет береді.
1927 жылы 7 қаңтарда мәдениет тарихынан сабақ беретінА.Байтұрсынұлы студенттерге «Мемлекетте диктатура орнаған. Оны жою мүмкін бе,жоқ, мүмкін емес пе?» деген сұрау қояды. Қойылған сұрауды талқылау студенттерарасында дискуссияға ұласады. Қорытынды сөзінде А.Байтұрсынұлы «диктатуратуралы мәселеге жауап беру қазір мүмкін емес» деген ойды айтты. Өйткені ертеңне болатынын болжау қиын. Ал коммунизмнің мүмкіндігі туралы айту үшін тәжірибеге,үлгіге сүйенген жөн. Мұндай үлгіні бізге кім көрсетеді? Әрине, коммунистер.Олар мұндай үлгіні көрсетіп отыр ма деген сұрау қойып, «Жоқ, олар мұндай үлгінікөрсетіп отырған жоқ. Мәселен, институттың (КИНО) оқу ғимараты жоқ, ал Қазақатқару комитетінің төрағасы жалғыз өзі бірнеше бөлмені ұстап отыр», – дегенпікірін айтады.
«Мәселен, – деп жалғастырады сөзін Ахаң, – газеттер Мәскеудетұрғын үйлер салу жоспарланғанын жазды, жаңадан жүз тұрғын үй салмақ. Неге осықұрылысты бүтіндей Мәскеуде салу жоспарланған, неге, мәселен, Қызылордада емес?Бізде мұнда тұрғын үйге деген тапшылық зор, ал үйлер үлкен қарқынмен Мәскеудесалынады». Осы арада Байтұрсынұлы маған қарап: «Сен марксист болғың келеді, осыретте, мәселен, айта қойшы, Англияда тау-кен жұмысшылары ереуілге шықты, ереуілпролетариат диктатурасының орнауымен аяқталды ма? Жарайды, жұмысшылар биліктіөз қолдарына алды делік. Билік алған бетте олар Индияға бостандық береді депойлайсыз ба? Әрине, бермейді. Өйткені Индия Англия үшін сауын сиыр ғой», –деген ойын айтып, сөзін аяқтайды.
Өмір сияқты биліктегі жүйемен күрес те күрделі процесс.Мәселен, алғашқы аға буын зиялылар, азаттық күрестің бастау көзінде тұрғанӘлихан, Ахмет және Міржақып өмірлерінің соңын азапты жағдайда абақтыда өткізіп,алған ұстанымдарында көз жұмды.
Ахаң советтік империяда, қазақ жерінде коммунизм идеясыныңсалтанат құратынына сенді ме? Әрине, сенген жоқ. Большевиктердің социализмидеясын бесіктегі нәрестеге айтылған бесік жырына теңеп, «мен не деймін, сірә,«әлдиге» сенбе деймінді» айтты. Яғни ол идеяға ізденіс жолында айтылатын көпидеяның бірі ретінде қарауға, ал қазаққа тіптен «жат қонақ» есебінде екенін,дұрысы, өзіңе лайық жол табу қажеттігін ескертті. Мұндай әрекетке, әрине,ауызбірлігі бар, кемел ел ғана бара алады. Әлекең мен Ахаңдар жасаған тұжырымосы еді.
Мәмбет ҚОЙГЕЛДІ