Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Кеше, 10:12

АҚШ Венесуэла жағалауына жақын жерде өте ірі мұнай танкерін тәркіледі

Трамп пен Мадуро
Фото: minval.az

АҚШ-тың Бас прокуроры әскерилердің көмегімен Венесуэла мен Иранның санкцияланған мұнайын тасу үшін қолданылған мұнай танкеріне қатысты тәркілеу ордерін орындағанын хабарлады.

 Дональд Трамп болса, «меніңше, бұл мұнайды өзімізде қалдырамыз» деп мәлімдеді.

10 желтоқсан күні АҚШ президенті Дональд Трамп Венесуэла жағалауына таяу маңда орналасқан танкердің тәркіленгенін растады. Бұл  АҚШ санкциялары күшейген кезеңде Венесуэла мұнайы тиелген жүктің алғаш рет ресми түрде тәркіленуі болып отыр.

Трамп әкімшілігі қыркүйек айының басынан бері Кариб және Тынық мұхитында есірткі тасымалдады деп күдікке ілінген кемелерге 20-дан астам соққы жасаған. Бұл операциялар барысында 80-нен астам адам қаза тапқан.

Мамандардың айтуынша, бұл шабуылдардың заңдылығы күмән тудырады. Себебі кеме шынымен есірткі тасымалдағанын немесе оны жарып жіберу қажеттігін дәлелдейтін ресми айғақтар жұртшылыққа көрсетілген жоқ. Әдетте мұндай жағдайларда кеме тоқтатылып, жүгі тәркіленіп, экипаждан жауап алынады.

Танкердің тәркіленуі туралы ақпарат тараған соң мұнай бағасы сәл көтерілгені байқалды.

Вашингтон Николас Мадуро режиміне қысымды күшейтіп жатқанымен, Трамп әкімшілігі бұған дейін Венесуэланың мұнай тасымалына тікелей араласпаған еді. Алайда нарықтағы бәсекенің күшеюіне байланысты Венесуэла Қытайға сататын мұнайын үлкен жеңілдікпен ұсынуға мәжбүр болып отыр. Бұл бәсекенің күшеюіне Ресей мен Иранның да санкция астындағы мұнайы әсер еткен.