Алмат Кебісбаев жартылай финалға шықты
Қазақ балуаны Алмат КЕБІСБАЕВ әлем чемпионатыныңжартылай финалына өтті. Бұл туралы «ЖасАЛАШ»сайты хабарлайды.
63 келі салмақта өнер көрсетіп жатқан грек-римкүресінің шебері түрік балуанын жеңді. Бұған дейін 55 келіде ел намысын қорғағанҚорлан ЖАҚАНША да жартылай финалға шыққан еді.
72 келідегі балуан Демеу ЖАДЫРАЕВ бірінші кездесуінде жеңіске жеткенімен, неміс спортшысы Майкл Феликс ВИДМАЙЕРГЕ жеңіліп қалды. 2017 жылғы әлем чемпионатының күміс жілдегері Демеу Жадраев жүлдеден дәмелі балуандардың бірі еді.
Бүгін елордада грек-рим және еркін күрестен әлембіріншілігі басталды. Сондай-ақ, астанада 2020 жылы Токиода өтетін олимпиадаойындарына жолдамалар беріледі. Нұр-Сұлтан қаласына жүзге жуық әлемнің елдерінен900 балуан бақтарын сынайды. Барыс Аренада өтіп жатқан әлем чемпионаты 22қыркүйек күні аяқталады.
Фото: prosports.kz