Алматыда әйел ер адамды жүк көлігінің астына итеріп жіберген (ВИДЕО)

Алматы маңындағы тасжолда әйел ер адамды жүк көлігінің астына итеріп жіберген, деп хабарлады Zhasalash.kz.
Оқиғаның 30 қазанда Алматы-Бішкек тасжолында болғанын хабарлады.
"2023 жылдың 30 қазанында Қарасай ауданының Полиция басқармасына Алматы-Бішкек тасжолында Volvo жүк көлігі жүргізушісі белгісіз ер адамды қағып кеткені туралы хабарлама келіп түсті. Тексеру кезінде әйел ер адамды жүк көлігі астына итеріп жібергені анықталды", - делінген полиция хабарламасында.
Дерек Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 99-бабы 1-бөлігі ("Адам өлтіру") бойынша аудандық тіркелді. Жедел іздестіру шаралары барысында 1963 жылы туған әйел ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта қажетті сараптамалар тағайындалып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Посмотреть эту публикацию в Instagram