Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Бүгін, 16:17

Алматыда ер адам қатыгездікпен соққыға жығылып, көз жұмды

1

Алматы қаласында ер адам қатты соққыға жығылғаннан кейін қаза тапты. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Қайғылы жағдай туралы марқұмның ұлы әлеуметтік желідегі Threads платформасында хабарлаған. Оның айтуынша, әкесі ауыр жағдайда ауруханаға жеткізілгенімен, алған жарақаттары салдарынан аман қалмаған.

«Мен үш күн бойы ұйықтамадым, себебі әкемнің кенеттен есінен танып, оны қоқыс сияқты сүйреп жатқан видеоны көрдім. Бұл адамгершілікке жатпайды. Әкем жарты сағат ішінде өлтірілді», - деп жазды ол.


Құқық қорғау органдары оқиғаның барлық мән-жайын анықтап жатыр.

Тегтер: