Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
20:35, 22 Желтоқсан 2023

Алматыда жантүршігерлік жол апаты: автобус бір топ адамды қағып кетті

автобус
Фото: из открытых источников

Қалқаманда 47-автобустың қатысуымен жол-көлік оқиғасы орын алды: 3 адам қаза тапты.

Алматы қалалық полиция департаменті бүгін, 2023 жылдың 22 желтоқсанында сағат 18:15-те 47-бағыттағы (жеке тасымалдаушы – «ДуманТрансКом» ЖШС) автобуста жолаушы жанжал шығарып,салдарынан әйел жүргізушіні басынан ұрып, есінен тандырып тастағанын хабарлады.

Басқарудан шығып кеткен автобус аялдама маңында адамдармен қаққан, сонымен қатар төрт көлік апаты орын алды.

Осы оқиға салдарынан үш адам қаза тауып, тағы төрт адам жарақат алып, ауруханаға жатқызылды.

Автобус жүргізушісін ұрған ер адам ұсталды. Аталған дерек Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 345-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді.

Сараптама тағайындалды. Басқа мән-жайлар анықталып жатыр.