12:50, 16 Ақпан 2024
Алматыда коронавирус жұқтырғандар саны артуда

Алматы қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Қасымхан Алпысбайұлы коронавирус жұқтырғандар саны артып жатқанын айтты.
Оның айтуынша, биыл қалада коронавирус инфекциясының зертханалық расталған 217 жағдайы тіркелді, оның 14%-і 14 жасқа дейінгі балалар арасында.
Кейінгі жеті күнде ауруды жұқтырғандар саны 1,5%-ке өсті. Алдыңғы жеті күнде 29 жағдайға қарсы 42 инфекция жағдайы тіркелді, — деді Қасымхан Алпысбайұлы.
Еске салайық, бұған дейін денсаулық сақтау министрлігі қызылша мен коронавирус инфекциясының таралуын болдырмау үшін қоғамдық орындарда бетперде киюге кеңес берген еді.