Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
12:49, 09 Ақпан 2024

COVID-19: қазақстандықтар бетперде кию режимі көшеді

Қазақстанда бетперде кию режимі енгізілді
Фото: из открытых источников

Денсаулық сақтау министрлігі қызылша мен COVID-19 инфекциясының таралуына байланысты қазақстандықтарға үндеу жолдады. Қазақстанда бетперде кию режимі енгізілді. Тиісті қаулыға еліміздің бас санитарлық дәрігері қол қойды, деп хабарлайды Zhasalash.kz

Денсаулық сақтау министрлігі қызылша мен коронавирус инфекциясының таралуын болдырмау үшін қоғамдық орындарда бетперде киюге кеңес берді.

Алматы, Астана, Шымкент қалаларының денсаулық сақтау басқармаларының, сондай-ақ санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің аумақтық департаменттерінің басшылары шағын ұйымдарда медициналық бетперделердің қолданылуын және антисептиктердің болуын қамтамасыз етсін. Әкімдіктер халық көп жиналатын орындарда (әуежайда, вокзалда, автовокзалда, базарларда, сауда және ойын-сауық орталықтарында, сауда үйлерінде, театрларда, кинотеатрларда, халыққа қызмет көрсету орталықтарында, банктерде және т.б.) көліктің барлық түрлерінде бетперде киюді ұсынады»,- делінген қаулы мәтінінде. 

Бір күн бұрын Парламент Мәжілісінде бетперде режимі енгізілген болатын. Кейбір мемлекеттік қызметшілерде коронавирус анықталғаннан кейін алдын алу шаралары жүргізілді.