Қоғам

"Жансейіт Түймебаевтың арқасы": Тоқаев ҚазҰУ ректорын мақтады

Қазақстанда 11 мемлекеттің жетекші жоғары оқу орындары өз филиалдарын ашқан.

Тоқаев

Қазір бұл білім ордаларында 12 мыңнан астам студент білім алып, 1,5 мыңға жуық оқытушы жұмыс істейді. Олардың 600-ден астамы – шетелдік профессорлар.

Бұл туралы Мемлекет басшысы мәлімдеді. Оның айтуынша, Қазақстанда жоғары білім беру саласындағы халықаралық стратегиялық серіктестік бойынша 40 келісім жүзеге асырылып жатыр.

Сондай-ақ Президент Қазақстанның Лиссабон және Токио конвенцияларына қосылғанын атап өтті. Бұл құжаттар қазақстандық жоғары оқу орындарының дипломдарын шетелде мойындауға мүмкіндік береді.

"Қазақстан осы аймақта алғашқы болып Еуропадағы Лиссабон және Азия-Тынық мұхиты аймағындағы Токио конвенцияларына қосылды. Бұл – қазіргі әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ректоры, бұрынғы Білім және ғылым министрі, елші Жансейіт Түймебаевтың арқасы. Соның нәтижесінде енді Қазақстан университеттерінің дипломдары Батыс және Шығыс елдерінде мойындалатын болды", – деді Тоқаев.

Еске салайық, соңғы екі апта ҚазҰУ-дың басынан дау арылмай тұр. Себебі ұлттық университетте он күнде екі өлім тіркелді. Ал ректор әзірге ресми мәлімдеме жасаған жоқ.

Редакция «Все СМИ» желісіне қатысады.
Сайт Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз