Қоғам

Тоқаев Дженсен Хуангты "технология әлемінің аңызы" деп атады

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев елдің жасанды интеллект саласындағы халықаралық серіктестігі туралы айтып, NVIDIA компаниясымен орнатылған байланыстың маңызын атап өтті.

Тоқаев, Хуанг

Форумда сөйлеген Мемлекет басшысы Қазақстанның жетекші технологиялық компаниялармен және шетелдік университеттермен бірлескен жобаларды дамытып жатқанын жеткізді.

Президенттің сөзінше, OpenAI компаниясымен серіктестіктің арқасында еліміздегі жоғары оқу орындарының барлық оқытушысы ChatGPT Edu платформасын пайдалану мүмкіндігіне ие болған. Сондай-ақ Қазақстанның NVIDIA компаниясымен де нәтижелі ынтымақтастық орнатқанын айтты.

Қасым-Жомарт Тоқаев жуырда Астанаға келген NVIDIA компаниясының негізін қалаушы әрі басшысы Дженсен Хуангқа алғыс білдірді. Мемлекет басшысы оны "көрнекті инженер және нағыз аңыз" деп сипаттады.

Редакция «Все СМИ» желісіне қатысады.
Сайт Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз