Қоғам

"Демалыс кезінде сыртынан түсірмеу керек": депутат Рожин шенеуніктерді қорғауды ұсынды

Депутат Максим Рожин шенеуніктердің жеке өмірін қорғап, олардың демалыс кезіндегі фото-видеоларын рұқсатсыз жариялауға тыйым салуды ұсынды.

Рожин

"Пайдалануға болатын, жариялауға болатын жағдайларды нақтылау ұсынылады. Жалпы, әлеуметтік желі мен дифейк технологиясы дамыған заманда бұл норма уақытылы әрі керек шығар. Бірақ, біздің ойымызша, бұл жерде жеке өмірді қорғау мен қоғамның заң бұзушылықтар туралы білу құқығы арасындағы теңгерімді сақтау маңызды", – дейді депутат.

Ол лауазымды тұлғалардың демалыс кезінде, түрлі мекемелерде, отбасылық және діни іс-шараларда түсірілген фото-видеоларын өз келісімінсіз жариялауға шектеу енгізу қажет екенін айтты.

Бұған жауап берген Мәдениет министрі Арман Қырықбаев шенеуніктердің де жеке өмірі Конституциямен қорғалатынын, бұл құқық өзге азаматтарға да тиесілі екенін атап өтті.

Министрдің сөзінше, лауазымды тұлғалардың жеке және отбасылық өміріне қатысты суреттерді заңды негізсіз әлеуметтік желілерде таратуға болмайды. Алайда шенеунік Құрылтай ғимаратында ресми жиынға қатысып отырса, сол жерде түсірілген фото мен видеоны жариялау үшін арнайы рұқсат алудың қажеті жоқ.

Редакция «Все СМИ» желісіне қатысады.
Тегтер: Максим Рожин
Сайт Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз