Қоғам

27 жыл бойы полициядан бой тасалаған қылмыскер Ресейде ұсталды

2026 жылдың 10 айында барлығы 82 қылмыскер іздеуде болды. Оның ішінде 62 қылмыскерді полицияның аумақтық бөлімшелері биыл іздеуге жариялаған.

Полиция

Қабылданып жатқан шаралардың нәтижесінде іздеуде жүрген 73 қылмыскер анықталды. Олардың біреуі адам өлтіргені үшін, 3-еуі қарақшылық шабуыл жасағаны үшін, 3-еуі тонау жасағаны үшін іздеуде болған. Бұл туралы Павлодар облысы ПД криминалдық полиция басқармасының бастығы Жасұлан Танжанов мәлімдеді.

Сонымен қатар қабылданған шаралар нәтижесінде облыс аумағында шет мемлекеттердің құқық қорғау органдары іздестіріп жатқан 31 қылмыскер анықталды. Сондай-ақ Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде шетел мемлекеттерінің аумағында жасырынып жүрген 7 қылмыскер анықталды.

Атап айтқанда, Павлодар облысы криминалдық полиция басқармасының жедел-іздестіру тобы Ресей ІІМ жедел қызметкерлерімен бірлесіп, жедел-іздестіру және арнайы іс-шаралар жүргізу барысында Мәскеу қаласында іздеуде жүрген қылмыскерді ұстады. Ол 1999 жылдан бері Павлодар қаласында жасалған қарақшылық шабуыл үшін полициядан бой тасалап, ұзақ уақыт бойы іздеуде жүрген.

 

Редакция «Все СМИ» желісіне қатысады.
Сайт Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз