Қоғам

Атырау облысында қызылша жұқтырған бір жастағы бала көз жұмды

Атырау облыстық инфекциялық ауруханасына ауыр халде жеткізілген бір жастағы бала қайтыс болды. Дәрігерлер оның өмірін сақтап қалу үшін қарқынды ем жүргізгенімен, нәтиже болмаған.

Қызылша

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, бала ауруханаға түскен кезде жағдайы өте ауыр болған. Негізгі ауруының асқынуынан екіжақты пневмония, тыныс алу және жүрек жеткіліксіздігі дамыған.

"Мамандар қарқынды терапияның толық кешенін жүргізді. Алайда емге қарамастан, баланы аман алып қалу мүмкін болмады", – деп хабарлады басқарма өкілдері.

14 қарашада бала Жылыой аудандық ауруханасынан санитарлық авиациямен облыстық инфекциялық ауруханаға жеткізілген. Оған дейін аудандық ауруханада ем қабылдаған. 1 қазан мен 17 қараша аралығында Атырау облысында қызылшаның зертханалық жолмен расталған 45 жағдайы тіркелген. Былтыр осы кезеңде 78 жағдай анықталған.

Қазір ауруханада жеті адам емделіп жатыр. Олардың төртеуінен қызылша зертханалық жолмен расталса, тағы үшеуіне қатысты диагноз әзірге күмәнді. Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, ауруханаға жатқызылғандардың басым бөлігі қызылшаға қарсы екпе алмаған.

Редакция «Все СМИ» желісіне қатысады.
Тегтер: қызылша
Сайт Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз