Қоғам

Бір үйір жылқыны ұрлап, жетеуін сойып сатқан: Жамбыл облысында мал ұрлаған күдікті ұсталды

Жамбыл облысында 16 бас жылқыны айдап әкеткен 44 жастағы тұрғын ұсталды.

Мал ұрлығы

Тергеу барысында оның ұрланған малдың жетеуін сойып, етін сатып жібергені белгілі болды.

Оқиға Т.Рысқұлов ауданының құмды алқабындағы жайылымда болған. Ер адам жайылымда қараусыз жүрген жылқыларды байқап, оларды иемденуді ұйғарған.

Ол өзіне тиесілі атқа мініп, жылқыларды үйірімен бірге айдап әкеткен. Салдарынан мал иесіне 24 млн теңге көлемінде материалдық шығын келтірілген.

Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Аталған дерек бойынша аса ірі мөлшердегі мал ұрлығы бабымен сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр.

Редакция «Все СМИ» желісіне қатысады.
Сайт Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз