"Қазақфильм" киностудиясының жаңа басшы тағайындалды
Шәкен Айманов атындағы "Қазақфильм" киностудиясының президенті болып Құрманбек Жұмағали тағайындалды. Бұл ақпаратты киностудияның баспасөз қызметі растады.
Жаңа басшы бұған дейін үш жылдан астам уақыт Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығын басқарған. Сондай-ақ әр жылдары "Астана" және "31 арна" телеарналарының жетекшісі, "Қазақ радиолары" компаниясының басшысы қызметтерін атқарған.
Бұдан бөлек, "Қазақстан" телерадиокорпорациясында және Қарағанды мен Маңғыстау облыстарының әкімдіктерінде жұмыс істеген.
Редакция «Все СМИ» желісіне қатысады.