16:59, 22 Желтоқсан 2023
«Алтын Орда» базарының ортақ иесі Данияр Әлпиев екі айға қамауға алынды

Кәсіпкердің адвокаты Данияр Әлпиевтің 2 айға қамауға алынғанын айтты, деп хабарлайды Zhasalash.kz.
Әлпиевті қамауға алу туралы қаулыны Қарасай аудандық соты шығарған. Адвокат Алмабаевтың айтуынша, оның қамқорлығындағы адам аса ірі көлемде алаяқтық жасады деген күдікке ілінген.
«Сот өте жылдам өтті. Олар қамауға алу туралы санкция берді. Бізде үкімге шағымдануға үш күн бар»деді ол.
Әлпиев 20 желтоқсанда ұсталып, Қарасай ауданындағы уақытша ұстау изоляторына қамалған. Адвокаты тың ақпаратпен бөлісті.
«Алтын Орда» базарының аумағында №3 сауда павильонының құрылысы басталды, олар жарнама беріп, үлескерлердің өздері орындарды брондауға ниет білдірді. Данияр ақшаны бөліп-бөліп беруге рұқсат берді» деп айтты Алмабаев.