Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
06:16, 28 Шілде 2020

Ән салатын шағылдар

 Құм әнсалып жатыр… Мұңлы әуен алысқа, тым-тым алысқа, әлдеқайда жетелейтіндей. Құм бетінқуалай самал бүлк-бүлк желеді.

Бір қиырда бұлың-бұлың сағым еріп жатыр. Желдің екпініменсусылдай көшкен сағым біртүрлі дыбыс шығарады. Дұрысы – әуен. Еш нәрсеге ұқсамайтынерекше әуен. Мұндай құмға үн бітірген табиғаттың ерекше құбылыстары әлемнің әр қиырындажеткілікті. Құм ән салады. Кейде органның үніндей баяу сызыла шықса, бірде атойғашақырған дауылпаздың дүңкіліндей қатты шығады. Бұл дыбыс желдің қатты я болмасаақырын соғуына һәм құм кешіп келе жатқан адамның ақырын немесе қатты адымдап жүруінеде байланысты. Десек те, ән салатын құмдардың құпиясын әлі ғылым аша қойған жоқ.Өйткені құм-шағылдардың бәрі неге «ән салмайды», неге тек кейбір жерлерде ғана осындайқұбылыс бар? Белгісіз. Енді әлемнің әрбір қиырында осындай «ән салуға» бейім тұратынқұм-шағылдар жөніндегі әңгімеге ерік берелік.

    Ән салатынқұмдарға байланысты ықылым заманнан бері халық арасында небір аңыз, қиял-ғажайыпәңгімелер туған. Тіпті ондай жерлердің астында көміліп қалған шаһарлар, жерастыөзендері, аруақтар, тағы да басқа жұмбағы мол, құпиясы ашылмаған құбылыстар бардеп түсіндіріліп келген. Шындығы солай ма? Бірақ бүгінгі ғылымның өзі «дыбыстыңшығу мәнісі мынада» деп түсіндіріп бере алған жоқ. Тек «жел соққанда құм көшеді,соның сусылынан шыққан дыбыс» дегенді ғана айтады. Кім білсін. Сонымен…     Қызыл теңіз жағасында Жебель-Накунг деген шағынтау бар. Жебель-Накунг дегенді аударатын болсақ, «Қоңыраулы тау» болып шығады.Тауға шығатын болсаң, аяқ астындағы құм-тастардан соғылған қоңыраудың үніне ұқсас,күңіренген үн шығатын көрінеді. Синай жарты аралы тұрғындарының айтысына қарасаң,әлгі таудың астында жасырылған монастырь бар, қоңырау соғылған кезде монахтар дұғақылу үшін сонда жиналады. Оқылған дұға мен қоңыраудың үні жер бетіне талыпестіліп жатады. Қоңыраулы таудың бар құпиясы осы деседі. Бұл жай ғана аңыз. Шындығыбасқа болса керек.

     Әрине,дыбыс шығаратын Қоңыраулы тау тек бұл емес, Ауғанстан астанасы Кабулға жақын жердеақ шағыл жамылған Рег-Риван деген тау бар. Аудармасы – Тербеліп тұратын тау.Бірнеше адам қатар жүрсе, әлгі шағылдар соғысқа шақырған дауылпаздың үніндей дыбысшығарады. Ғажаптығы осында болса керек. Чили еліндегі Коплано өңіріндеЭль-Бромадо деген аңғар бар. Оның аудармасы «Ұлыған» дегенді білдіреді. Ондай аңғарларАҚШ-тың Калифорния штатында да бар. Бұл екеуі де жылаған, ыңыранған баланың даусынаұқсас үн шығарып тұрады екен. Жалпы, мұндай ән салатын, түрлі дыбыс шығаратын мекендертөрткіл дүниенің қай бұрышында болсын кездеседі.

      Ән салатынқұмдардың өзі шөлдегі және жағалаудағы құм болып екіге бөлінеді. Соның ішіндешөлді жерде дыбыс шығаратын құмдар әлемде көп кездеседі екен. Мәселен, Қытай, Моңғолияжәне Мысыр, Африка, Арабияның құмды шөлдерін атауға болады. Ал өзен, теңіз жәнемұхит жағалауларындағы дыбыс шығаратын аймақтар сирек кездеседі. Дегенмен жоқемес. Ресейдің Лена өзенінің кейбір жағалауы, Коль жарты аралы, АҚШ-тағы Массачусжағалауы, Мичиган көлінің жағасы әлсін-әлсін «ән» салып тұратын көрінеді. Мұндайорындар Англия мен Австралияда да жеткілікті деседі білгіштер.

     Жалпы, ән салатын құмдар мен жаңғырық шығаратынтаулар сыры әлі ашыла қойған жоқ. Мұндай құбылысқа ие мекендер жөнінде жергіліктіжұрттың небір қиял-ғажайып әңгімелері жеткілікті. Соның бірі, алысқа бармай-ақ,өз еліміздегі «ән салатын» құм жайында айтсақ та жеткілікті. Ол Алматыдан 182 шақырымқашықтықта, Жоңғар Алатауының Үлкен және Кіші Қалқан жоталарының арасындажатқан Алтын Емел ұлттық паркінің аймағында. Ұзындығы – 3 шақырым, биіктігі – 150метр. Сап-сары, алтын түстес жал-жал құмдар сәл жел соқса әндете жөнеледі. Осы құмтөбе жайлы жергілікті жерде бірнеше аңыз-әңгіме айтылады. Соның бірін еске салакеткен артық болмас.

     Ертеде осы Үлкен және Кіші Қалқан тауларының арасынжайлаған, мыңғырған малы бар бір бай өмір сүріпті. Байдың күн десе – көзі, ай десе– аузы бар жалғыз сұлу қызы болған екен. Сол қызға байдың есігінде малын бағып,жалшы болып жүрген бір жігіт ғашық болыпты. Жігіттің жиын-тойларда әуелете ән салатынәншілігі, ақындығы бар көрінеді. Жігіт қыздың сұлулығына, бай қызында бола бермейтін ақылдылығына ғашықболады. Ал қыз жігіттің мәрттігіне, ақындығына тәнті болыпты. Алайда олардыңжұп болуына бай қарсы болып, қызының кедей тұқымнан шыққан жігітке қосылуынқаламапты. Бірде сөз байласқан қос ғашық қол ұстасып, елден қашып кетсе керек.Болған жайды естіген бай қолын жайып теріс батасын беріп, «тасқа айналғырлар» депқарғапты. Қос ат мініп, елден қашқан қос ғашық осы жерге келгенде құмға айналыпкетіпті. Бұл фәниде бірге өмір сүре алмай, құса болған һәм құмға айналған екі жассәл жел соққан күндері күңіреніп, өздерінің тағдырларын әуенге айналдырып, мұңлыбір ән салып жататын көрінеді. Екінші бір әңгіме, осы құмның астында ұлы қаған Шыңғысхан мен оның серіктері жерленген деген алыпқашпа сөз. Әрине, бұл да аңыз. Алқұмның ән салып жататыны шындық. Құм әнсалып жатыр…

Сейсен ӘМІРБЕКҰЛЫ

Тегтер: