Ақгүл АЙДАРБЕКОВА: Бір туған күн жасап едім мен кеше

Ақгүл АЙДАРБЕКОВА 1997 жылы Шығыс Қазақстан облысыныңЗайсан ауданында дүниеге келген.
Өлеңдері «Егемен Қазақстан», «Жұлдыздар отбасы», «Қазақ әдебиеті», «Қыздаруниверситеті» басылымдарында жарық көрген. Ол жырсүйер қауымға «Мен гүлден де нәзікпін…» атты өлеңдеркітабымен де танымал.
Бір туған күн жасап едім мен кеше
Бір биікке шалқаршабыт өрлесе,
Шылап мұңмен қолбұлғайды кең көше.
Жасыма жастолтырдым деп қуанып,
Бір туған күн жасапедім мен кеше…
Болмап еді…күдік, кесір, айла, мұң,
Тағдырымды туғанкүнмен байладым.
Бірер уақыт тұрыпмені құшақтап,
Құшақ-құшақ гүлсыйлар деп ойладым.
Сезім дертің алғабастар көш ұқты…
Есік жақтан самал əлсізесіпті.
Туған күннің күлталқанын шығарып,
Қанша уақыткешікті…
Келмейтін бопшешіпті.
Маңдайымнан өппеуүшін өкпе- мұң,
Жанар жасын қаласамда төкпедім.
Бір ұлылық күтіпжүрсем өзіңнен,
Қызықсың ғой…
Шаруаларым көпдедің.
Ол мен үшін биікеді, көкте еді.
Өгей үні өң бойымнанөтпеді.
Бірақ оның, бірқоңырау шалуға,
Қауқары дажетпеді…
Тұла бойда лаулағансоң шоқтық ар,
Жанарымда маздапжатты от шынар.
Тіпті оның, бір сəтмені көруге,
Зауқы мүлдем жоқшығар…
Менде сені, сен демені, жыр етпе!
Жыр еткеннен семгенсезім үдеп пе?
Мені қойшы, менүйреніп қалғанмын,
Тек сəл ғана ауыртиді жүрекке…
Əттең…
Əке
Үні өгейдің үкілесеүр əні
Көп емес пе бұлөмірдің сұрағы.
Тым ауырлауөткендіктен балалық,
Ауыр өлең жазғымкеліп тұрады.
Жаныңды езген жүдеужүзді мүсіндей,
Білем, əке, шолақболды ісін кей.
Табаласа танысымызтағы да,
Мен мөлейіптұратынмын түсінбей.
Қанша күтіп келседейміз пейіш күз
Бірақ тағы мал-жан, іркіт, киіз, біз,
Мына өмірде, əкеайтшы, біз неге
Адамдарғажалтақтауға тиіспіз?
Бұны да ендіжазғызды ғой жыр ұста,
Болды, əке!
Ақ қараны айыршы.
Балалығым жылапжатса бұрышта,
Мүсіркейтін анаутұрған қайыршы.
Бақ жұлдызы жанбайжатып сөнетін
Əкемді ендімейірімге бөле түн.
Адам болсын деген ұлыниетпен,…
Ал анам ше?
Өлең оқып беретін.
Ада басқан адам ба едің кімедің?
Тар жолыңды, бар мұңындыбілемін.
Неге өзіңді тастай салдыңтөменге,
Зарықты ма, жалықты ма жүрегің?
Торлағанмен əжім сенің жүзіңді,
Жалғамаймын өксік толғанізіңді.
Кешірші, əке, бұлай өлеңжазатын,
Ақылсыздау қызыңды…
Қос қарлығаш
(Сəбира Мұхамеджанова мен Лəззат Асановаға)
Жас пе еді, балғын бе еді, үреді ме?
Тəңір салған мықтылық жүрегіне
Тура, əділ қыздары қазағымның,
Туралды- ау əскердің күрегіне.
Өжет еді, өр еді, өткір еді.
Бағасын білмедің деп көк күледі
Уыздай қылдан нəзік жасшыбықты,
Темірдей керзі етікпентепкіледі.
Таупиық көрген қолдар тарамыспа?!
Сендер де ілестіңдер ар ағысқа.
Қазағымның қос қайсарқарлығашы,
Жем болды- ау қарқ- қарқ еткенқара құсқа.
Анасынан алған- ау ар- ибаны,
Тарыдай жеңісіңді таниды əлі.
Тіршіліктен тоңазып, сəлқиналсам,
Еске аламын сəбидей Сəбираны.
Желтоқсан жаңғырығын жазатынмың,
Алпауыт ақ орданың азатымын.
Қазағымның лайланса тұнықтығы,
Мен жалғасы болар ем Лəззəтімнің.
Шындық іздеп шырылдап із кестіме ел?
Жанұяңмен жақсылап жүздесті меел?
Ойнақшыған он алты жастарында,
Отан үшін от басып, мұзкештіңдер.
Шырылдап тұрып алар төбем кейкүн
Мен оны өмір деймін, өлеңдеймін.
Қос қарлығаш аспаннан көреқалсам,
Сендер емес пе екен депелеңдеймін
***
Өзек толып өксікке атады əр жəйтаңым,
(Шаршадым ба, білмеймін, қозыптұр ма сайтаным?)
Қас қарайса болғаны дірдекқағып бір өзім,
Жұмысымнан қайтамын.
Сезім жайлы сыр айтар сыңғыр үндісамайлың…
Ұлы үмітпен аңсайды қуанышын əр айдың.
Əйтсе де осы мен негеөткен-кеткен адамға,
Сəл өкпелеп қараймын?!
Жүрегімді жалғыздық үгітеді,жоңады…
Сондай сəтте қалайша айтыладыжол əні?
Сондай сəтте арыма кім арашатүседі,
Сондай сəтте жаныма кім жұбанышболады?
Көрінеді көзіме əлемдегі барсағым.
Бір ғана үн боп қалған ба кеудекерер сонша əнім.
Сұлулығын жанымның кім байқайдыекен деп,
Жалтақтаудан шаршадым.
Ар сақтаудан шаршадым…
Осыларды ойлап ап жылап ал да,ал күйін!
Əкетеді алысқа құлдилаған қайқұйын?
Қазағымның мен деген ақын қызыболсам да,
Жалғыздығым жанымды жеп барады,қайтейін…
Бүгін тағы жыладым, жан дүниемжарым жан.
Тілеуменен келемін тəңірімнен тəуіржан.
Жұмыс жақтан дірдектеп тағыкелем бір өзім,
Сіз қайдасыз, ...?!
***
Тəтті естелік түсірердей есіме,
Отыз бірін күттім екен несіне.
Қарамадым көк тайғаққа,жауынға,
Жетіп бардым сағынған соңауылға.
Анам тамақ, əкем жасап жасапқой қамын,
Жаңа жылды отбасыммен тойладым.
Мен сəндендім жарасардай үйгеенді,
Сен киіпсің ең əдемді жейдеңді.
Боянбадым десем бүгін күлесің,
Сүрмесіз де сұлумын ғойбілесің.
Сен ішіп ап, шерткен кезде жыл əнің,
Мен анамның күлгеніне қуандым.
Еш бұрылмай жаңа жылдық сыйүнге,
Сəл ауырып келіп едім үйіме.
Қыңқ еткізбей ендігəрі үнімді
Əке шешем безек қағып жүгірді.
Ал сен болсаң іштей ғанаойлана,
«Жазылып кет» дейсалып ең жəй ғана.
Оның бəрін несіне енді тіземін,
Сен білесің дегбір дерттің жүземін.
Бұл өлеңді арнап едім анама,
Сен бойлайсың қайта-қайтасанама.
Бұл да бəлкім бірдеменіңбелгісі,
Бəлкім себеп тартылыс пен жеркүші.
Ата-анамның жазам деп ем жəйкүйін,
Сені сүйем қайтейін…
***
Өзгеше түсініп бірсəттік əз үнді,
Хаттарды айып паөзгеге жазды деу?
Мен мүлде көрмегенең ыстық сезімді,
Көріпті бəзбіреу.
Алыстан қол бұлғапелітсе бөтен үн,
Сол қыздың негеекен, көңілін жықпапсыз
Ал менің жанымныңең нəзік екенін,
Ұқпапсыз.
Əйтеуір мені де,оны да қимайсыз…
Жылайтын шығармынжаныңыз жерісе…
Хаттарда сол қыздысоншалық сыйлайсыз,
Мені ше?
***
Қалай шыдап тұрекен жүрек ерен?
Келсеңіз асып-сасыптүрегелем!
Көсілесіз бір əзілайтқан болып,
Мен сізге күлеберем, күле берем…
Күле берем!Шаттықтың миығындай!
Жанымды қарды бірақкүйік ұдай.
Болмайтын азаматқағашық қылар,
Өзімнен жүрегімніңбиігін-ай!
Жүгірсек кепүстінен жылдам оттың,
Отты, мені,барлығын бұлдап өттің.
Онсыз да бəрі сіздіжамандайды,
Мейлі ғой,
мен де оңып тұрғанжоқпын.
Белгілі сызықтарданаспаймыз ау
Аспау дегенжүректер жастай сыздау.
Тағдырымды ұсынсамқолыңызға…
Тас-талқанын шығарыптастайсыз-ау…
***
Сызат та түспейаппақ көңіл мен арыма,
Шүкір етемінбеймаза, əлсіз қалыма,
Осы бір жаздыбақытты жазға балап ем,
Қателесіппін тағыда.
Əзірше отау,ата-ене, бала, жар сағым…
Сонда да менің,жанымды жеді қанша мұң.
Қиналған шақтаүйінен метр жер қимас,
Туған-туыстаншаршадым…
Əжемнің даусынаңсадым бе екен құт үнді?
Жанымның айытумай-ақ жатып тұтылды.
Бармақтай ғана аруболсам да барлығы,
Жан-жақтан тартыпбітірді.
Туған-туысың"өле қал" десе сыртынан…
Жаныңды итшежұлмалайды екен мың күмəн.
Жақындарың кепкөлденең тұрып алады,
Жарыққа қарайұмтылам.
Нық басар едім,мина тұрғандай əр адым…
Қорқамын қатты,қорқумен қайда барамын?
Бүгінше меніжылатпай қоя тұрыңдар,
Мен өртеніпбарамын!
***
Нық басам сынсам да деп ем,
Күйігі- ай, бітпейтін жолдың.
Қиналып тұрсам да сенен,
Көмекті күтпейтін болдым.
Жүр екем несіне еріп?
Көңілді күйкі жалмады.
Барлығын кешіре беріп,
Жүйкемнен жүйке қалмады!
Жүректен наз, у- ды жойшы
Жырымнан тағынып бір мұң.
Өлеңді жазуды, қойшы,
Сөзімнен жаңылып жүрмін.
Жаңбырда құйды, ə, бір баста!
Жасымды жиреніп жұттым.
Бар жоғы жиырма бір жаста,
Күйзеліп біттім.
Мөлдір сезім
Біздің жолды шарпыса дашатпақтар,
Ақын қыздың аңғалдығын ақтап таал!
Менің мөлдір сезімімдей дəлқазір,
Алматыға жауса екен аппаққар!
Жүрек тулап, басым ауып, күй маздап,
Ессіздікке еліремін кейдеаздап.
Сізді мүлде жек көремін дейсалдым,
Сүйемін ғой дей жаздап.
Кім біліпті… жұбатар деп бұлай мұң,
Сырқат түнде сынық ғұмыр құраймын.
Кейде сізді ойлап алып əдейі,
Жаным, тəнім үгілгенше жылаймын.
Қайран басым… төмен қарай бұғады.
Жалаң жұрттан естіп жүрмін сын əлі.
Бəлкім бұлай болуына бəрінің,
Ақындығым кінəлі..