Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
12:18, 11 Қыркүйек 2024

Армения премьер-министрі Әзірбайжанмен бейбіт келісімге қол қоюға дайын

р
Фото: aa.com.tr

Армения премьер-министрі Никол Пашинян Әзірбайжанмен бейбіт келісімнің келісілген мәтініне тезірек қол қоюға дайын екенін растады. Бұл туралы ол Ереван диалогтары халықаралық форумының ашылуында айтты, деп хабарлайды Интерфакс.

«Мен мүмкіндігінше тезірек бейбітшілік пен қарым-қатынас орнату туралы келісілген мәтінге (Әзербайжанмен – ред.) қол қоюға дайын екенімізді растағым келеді. Біз келісілген нәрсені алып, оған қол қоюды, іргелі құжатқа ие болуды, содан кейін басқа мәселелерді талқылауды жалғастыруды ұсынамыз», - деді Пашинян.

Ол сондай-ақ қазіргі уақытта бітімгершілік келісімінің 16 тармағының 13-і толығымен келісілгенін қосты.

Пашинян үш тармақ ішінара келісілгенін және үш ұсынысты қамтитынын, олардың бірі келісілген, екіншісі келісілмегенін айтты.