Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Бүгін, 15:56

«Арменияны Украинаға айналдырмақшы»: Мәскеуде Пашинян саясатына қарсы митиң өтті

1
Фото: SHOT Telegram-арнасы

Мәскеудегі Армения елшілігінің алдында ел премьері Никол Пашинянның әрекеттеріне қарсы митинг өтті.

Жиналғандар Армения билігінің дін қызметкерлері мен бизнесмен Самвел Карапетянды ұстау туралы шешімдерін конституцияға қарсы деп атады.

300-ге жуық адам жиналды

Акция Армянский қиылысындағы елшілік ғимаратының жанында өтті. Шараға шамамен 300 адам қатысты – олардың қатарында дінбасылар, қоғам белсенділері және соғыс ардагерлері болды.

Митинг Пашинянның Мәскеуге сапарымен орайластырылған. Қатысушылар Армения билігінің әрекеттері қоғамға жік салатынын айтып, халықты Армян шіркеуін қорғауға шақырды. Олар сондай-ақ қамаудағыларды босатуды талап етті.

Елшіге петиция тапсыру әрекеті сәтсіз аяқталды

Активистер Пашинянның саясатына қарсылық білдірген петиция дайындаған. Құжатты Ресейдегі Армения елшісіне тапсыру жоспарланған еді. Алайда, жиналғандардың «шық!» деген талаптарына қарамастан елші митингке шықпай қойды.

Ұқсас митингілер бүгін АҚШ-та, Францияда және басқа да елдерде өтетіні хабарланды.

Арменияда дінбасыларға қарсы үкім шықты

Бұған дейін Ереван соты Ширак епархиясының басшысы, архиепископ Микаел Аджапахянды билікті құлатуға үндеу жасады деп айыптап, екі жылға бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарған.

Сондай-ақ қамауда:

  • архиепископ Баграт Галстанян,
  • епископ Мкртич Прошян,
  • Армян шіркеуі канцеляриясының басшысы Аршак Хачатрян,
  • шіркеуді қолдаған бизнесмен Самвел Карапетян.

Олардың барлығы Пашинян билігіне қарсы шыққан тұлғалар ретінде аталып отыр.

Тегтер: