Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
10:30, 12 Қазан 2021

Ашық хатқа жауап

None
None

 Жас Алаштың  28 қыркүйектегі  №78 санында (28.09.2021 ж.) "Депутаттан да, аудан әкімінен де жауап жоқ, Амандық мырза!«деп, сауалына жауап алмаған қоғам белсендісі Сұлтанғазы Қоқабидің ашық хатын жариялаған едік.

Артынша Алматы облысының әкімдігі сауалға былайша тіл қатты.

«Жас Алаш» газетінің 2021 жылғы 28 қыркүйектегі №78 санында Алматы облысы Панфилов ауданы Жаркент қаласында балалардың спортпен айналысуына жағдай жасау туралы ардагер спортшы Сұлтанғазы Қоқабидің ашық хаты жарияланған болатын. Осы жарияланымға байланысты төмендегіні хабарлаймыз.

Алматы облысында денешынықтырумен және спортпен айналысуға арналған жалпы саны 3718 спорттық құрылым бар. Соның 166-сы Панфилов ауданында. Алтыүй ауылында бір спорт кешені, Жаркент қаласында бір денешынықтыру-сауықтыру кешені, «Дәулет-Жаркент» кәсіби спорт клубы, бір орталық стадион және аудан бойынша 59 спортзал, сегіз кәсіпорын мен мекемеде спортзалдар, 93 спорттық алаң, үш бассейн бар. Сондай-ақ 2021 жылға ауданның 13 елді мекеніне стритворкаут алаңдары және бір балалар спорттық алаңы мен бір шағын футбол алаңы жоспарланып, құрылыс жұмыстары жүргізілуде.

Аудандағы №1, №2 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде 2600-ден астам оқушы спорттық үйірмелерде тегін білім алуда. Білім беру мекемелерінің 24 980 оқушысы спортпен айналысады.

        Сонымен қатар биылғы 1 мамырдан бастап балалар мен жасөспірімдерге арналған спорт секцияларында мемлекеттік спорттық тапсырысты орналастыру тетігі іске қосылды. Осының шеңберінде спорт секцияларында 10 мың баланы қамту жоспарлануда. Осы мақсатта жергілікті бюджеттен 1 млрд теңге бөлінді. Мақалада көрсетілген 21 мың теңгелік төлқұжат тек ресми жарыстарға (ҚР чемпионаттары, облыс біріншіліктері, республикалық, халықаралық жарыстар) баланың қатысуы үшін сұралады. Жоғарыда аталған жоба арқылы әрбір ата-ананың спорттық секцияларға балаларын тегін қатыстыруға мүмкіндігі бар.

Сондай-ақ Жамбыл атындағы орта мектепте спортзал бар, онда балаларға денешынықтырумен айналысуға барлық жағдай жасалған. Мектеп ғимаратына 2012 жылы күрделі жөндеу жүргізілген. 2022 жылы мектептің қоршауын жасау және спорт алаңына ағымдағы жөндеу жүргізуге бюджеттік өтінім әзірленуде.

                                                                                  А.Дәндібаев,

                     Алматы облысы әкімінің орынбасары                     

Тегтер: