Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
10:54, 02 Шілде 2024

Астанада 2-4 шілде қашықтан жұмыс істеу форматы енгізілді

t
Фото: Астана әкімдігі

Астана қалалық полиция департаменті ШЫҰ саммитін өткізуге байланысты келесі жол учаскелерінде автокөлік құралдарының қозғалысын уақытша шектеу жоспарланып отырғанын хабарлады.

3 шілде күні сағат 18.00-ден 22.00-ге дейін Бөкейхан көшесі бойынша Керей-Жәнібек хандар көшесінен Сығанақ көшесіндегі көпірге дейін (М-3); 4 шілде күні сағат 09.00-ден 19.00-ге дейін Нәжімеденов көшесі бойынша Тәуелсіздік даңғылынан Аманжолов көшесіне дейін, одан әрі Аманжолов көшесінен Байтұрсынов көшесіне дейін және Байтұрсынов көшесінен Тәуелсіздік даңғылына дейін, делінген хабарламада.

Қалған уақытта қозғалысты шектеу ШЫҰ саммитіне қатысушылардың сүйемелдеуімен жүзеге асырылатын болады.

Сонымен қатар, қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету, сондай-ақ саммит өткізу кезеңінде құқық бұзушылықтардың алдын алу және жолын кесу мақсатында полицияның жеке құрамы қызмет өткерудің күшейтілген режиміне ауыстырылатыны айтылды.

Азаматтарға ыңғайлы болу мақсатында, соның ішінде жол кептелісін болдырмау үшін мемлекеттік мекемелер мен квазимемлекеттік сектор қызметкерлерінің 70 пайызы 2-4 шілде аралығында қашықтан жұмыс форматына ауыстырылады. 3-4 шілдеде мектепке дейінгі мекемелер де жұмыс істемейді, делінген хабарламада.

 

Тегтер: