Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
12:12, 04 Қыркүйек 2023

Ауыл шаруашылығы министрлігін Айдарбек Сапаров басқарды

None
None

Солтүстік Қазақстан облысының экс-әкімі Айдарбек Сапаров Ауыл шаруашылығы министрлігін басқарды.

Бұл туралы Ақорда мәлімдеді.

Мәжілістің баспасөз қызметінің хабарлауынша, Аграрлық мәселелер комитетінің отырысында Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрі қызметіне тағайындау үшін Сапаров Айдарбек Сейпелұлының кандидатурасы келісілді.

Бұл мәселені мәжілісмендер «Парламент және оның депутаттарының мәртебесі туралы» конституциялық заңның 22-1-бабына сәйкес қарады. Отырыстың қорытындысы бойынша Комитет ұсынылған кандидатты Ауыл шаруашылығы министрлігінің басшысы лауазымына тағайындауға ұсыну мүмкіндігі туралы қорытынды қабылдады.

«Айдарбек Сейпелұлы Сапаров Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі болып тағайындалды, ол бұрын атқарған қызметінен босатылды», — делінген Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығында.

Осы уақытқа дейін, 2022 жылдың желтоқсан айынан бастап Сапаров Солтүстік Қазақстан облысының әкімі қызметін атқарды.

Айдарбек Сапаров 1966 жылы 12 маусымда Солтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін, Омбы ауылшаруашылық институтын зооинженер мамандығы бойынша бітірген, мемлекеттік басқару бакалавры. «Құрмет», «Парасат» ордендерімен, «Астанаға 10 жыл» мерейтойлық медалімен марапатталған.

Еңбек жолын 1984 жылы кеңшарда есепші болып бастап, кейін мал маманы, кейін «Ноғайбай» ЖШС басқарады. 2003 жылдан бастап «Азық-түлік корпорациясы» АҚ облыстық өкілдігінде басшылық қызметтерде жұмыс істеді. 03.2006 — 09.2006 — Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша облыстық аумақтық инспекциясының басшысы.

2006-2008 жылдары — Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданының әкімі. 2008-2010 жылдары — Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданының әкімі. 2011-2019 жылдары — Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары.

2019 жылы Сапаров Ауыл шаруашылығы министрлігінде бірінші вице-министр болды. 2022 жылдың желтоқсанында Солтүстік Қазақстан облысын басқарды.

Тегтер: