Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Бүгін, 12:31

Баку Ираннан Нахчыванға дрондармен жасалған шабуылдарды тергеуді талап етті

1
Фото: ашық дереккөз

17 наурыз күні Әзербайжанның Сыртқы істер министрі Джейхун Байрамов пен Иран Сыртқы істер министрі Сейид Аббас Арагчи арасында телефон арқылы келіссөз өтті.

Кездесу барысында өңірдегі жағдай мен екіжақты қатынастар талқыланды.

Байрамов Иранның Нахчыван Автономиялық Республикасына қарсы жасалған дрон шабуылдары бойынша бұрын берілген уәдеге сәйкес тергеуді аяқтауы қажет екенін ерекше атап өтті.

Сонымен қатар тараптар азаматтық нысандарға соққы бермеу, өңірдегі әскери шиеленісті тез арада тоқтату және туындаған мәселелерді келіссөз арқылы шешу қажеттігін сөз етті.

Министрлер өзара қызығушылық тудыратын басқа мәселелер бойынша да пікір алмасты.