Бала асырап алатын отбасыларға қандай талаптар қойылады

Қазақстанда бала асырап алу үшін қажетті құжаттарды электронды форматта тапсыруға болады, деп хабарлайды Zhasalash.kz.
«Қазақстанда өз азаматтарымыз үшін бала асырап алу рәсімі өте қарапайым. Бала асырап алуға ниет білдірген азамат қорғаншылық немесе қамқоршылық органына мына құжаттарды ұсынады: өтініш, жеке басын куәландыратын құжаттар, отбасылық жағдайы, денсаулығы және сотталмағаны туралы анықтама, жақын туыстарының келісімі, баспанасы бар екенін дәлелдейтін құжат және табысын растауы керек», - дейді министрліктен.
Бүгінде құжаттардың бір бөлігін электронды үкімет порталы арқылы мемлекеттік қызмет түрінде алуға болады.
«Сонымен қатар, құжаттарды электронды үкімет порталы арқылы жіберуге болады. Бала асырап алуға үміткер ретінде танылып, баланы таңдағаннан кейін олар 2 апта жақын қарым-қатынаста болады», - делінген хабарламада.
Ал шетел азаматтар бала асырап алуы үшін 16 атаудан тұратын құжаттар пакеті мен баламен 4 апталық қарым-қатынастан жақсы нәтиже қажет.