Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
17:51, 12 Қазан 2023

Бауыржан Байбектің әйелі қызметінен босатылды

Бауыржан Байбек
Фото: из открытых источников

Алматы қаласының экс-әкімі Бауыржан Байбектің әйелі Жанар Байбек қызметінен бостылды.

6 қазанда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан Республикасы соттарының төрағаларын, сот алқасының төрағасын және судьяларын қызметке тағайындау және қызметтен босату туралы» Жарлыққа қол қойды.

Құжатта қызметінен босатылған 35 судьяның тізімі берілген. Олардың арасында елордалық сотта судья болып жұмыс істеген Жанар Байбек те бар. Жарлықта оның өз өтініші бойынша қызметінен босатылғаны атап көрсетілген.

Жарлық қол қойылған күннен, яғни 6 қазаннан күшіне енген.

Сондай-ақ аталған өкіммен бірқатар өңірде жаңа судьялар тағайындалған және қызметінен босатылған.

Ашық ақпарат көздері Жанар Байбектің Алматының бұрынғы әкімі Бауыржан Байбектің әйелі екенін айтады.

Еске салайық, 2018 жылдың қазан айында Жанар Байбектің Астана қаласы Есіл аудандық сотының судьясы қызметіне тағайындалғаны хабарланған болатын.

 

Тегтер: